Жаңалық

Ерден Қажыбек: Тілдік реформа - рухани жаңғырудың ең негізгі мәйегі

Латын әліпбиіне көшу мәселесін этномәдени бірлестіктер өкілдері талқыға салды, деп жазады inform.kz.

Жиын Алматыдағы Достық үйінде өтті. Отырысқа ҚР Тұңғыш Президенті архивінің директоры Борис Жапаров, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Өмірзақ Айтбаев, Ахмет Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек, этномәдени бірлестік өкілдері қатысты.

Шараны «Нұр Отан» партиясының Медеу аудандық бөлімшесі ұйымдастырды.

Ахмет Байтұрсынов атындағы тілтану институтының директоры Ерден Қажыбек латын әліпбиіне көшудің тарихи хронологиясы туралы айтты.

«Кеше ғана Елбасы Рухани Жаңғыру деген үлкен бастаманы бастап берді. Тілдік реформа – рухани жаңғырудың ең негізгі тірегі, өзегі, мәйегі, мазмұны. Қазақстан егемендік алған соң жоғалтқанын түгендеуге кірісті. 1990 жылдары бірнеше халықаралық конференция өтті. Оған түбірі бір түркі елдерінің басшылары, ірі ғалымдар қатысқан. 1997 жылы қорытынды жиынға қатысқан Әбдуәли Қайдаров ағамыз бірден Мемлекет басшысына хат жазды. Хатында «Тәуелсіз ел болдық, енді тілімізге сәйкес әліпби жасайық, тілімізді жаңғыртуды қолға алайық» деп көрсетті. 1990-шы жылдардың басында Елбасы бірінші тапсырма берді, 2006 жылы мәселе етіп көтерді, 2012 жылы стратегиямызға енгізді. Енді міне, нақты қолға алынды. 1928-30 жылдардағы латыншамыз жақсы болған. Кейін екінші тілдің ережелері бұйрықпен енгізілген кезде тіліміз бұзыла бастады. 1957 жылы тағы реформа өтті. Тілімізде 2 тілдің заңдылықтары қатар жүре бастады. Тіліміз шұбарланып, қиын жағдайда болды. Негізгі тіл реформасының мақсаты – тіл заңдылықтарын қайта енгізу, бір тілдің заңдылықтары бойынша айтылым, жазылым, оқылым, бәрін бір тәртіпке бағындыру», – деді Ерден Қажыбек.

Халықаралық «Қазақ қоғамы» төрағасы, ҚР ҰҒА академигі Өмірзақ Айтбаев бұл көптен күткен тарихи шешім .екендігін айтты.

«Бауырларымыз бен қандастарымыздың, әр қазақтың жадында тұратын оқиға… Латын әліпбиіне бірден келе қоймаймыз. Бұл тіл заңдылығын біртіндеп қалыптастыруға әкеледі. Жазудың өз талаптары бар олар орындалу үшін біраз жыл өтеді. Ең басты мәселе, Елбасы шешімін ризалықпен мақұлдап, қолдап, қуаттаймын. Ендігі іс мамандарға байланысты», – деді Өмірзақ Айтбаев.

Сонымен қатар, ҚХА мүшесі, түрік этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Қазақбай Таштеміров те латын әліпбиіне көшу туралы шешімді құптайтынын жеткізді.

«Еліміздің тіл саясатының негізгі бағыты, басты нышандарының бірі – қазақтың көркем тілі. Тілі өркендемеген ел еш уақытта ұлттық мемлекет болып салтанат құра алмайды. Қазақ әліпбиінің реформасы қазақстандық білім беру сапасына оң әсер етеді. Қазақстандық білім сапасының кәсіби даярлығы және оқу әдістемелік құралдардың сапасымен байланысты. Ол бір күннің жұмысы емес, бірнеше жылды қамтиды», – деді Қазақбай Таштеміров.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button