Жаңалық

Жезқазған қаласының мектеп түлектері «Туған жер» бағдарламасына үн қосты

Жезқазған қаласының №4 мектебіне басқа аймақтарға және шет елдерге көшіп кеткен түлектері көмек көрсетті. Бұл олардың Елбасының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Туған жер» бағдарламасына қосқан үлестері болды. 

«Жезқазған қаласының №4 мектебінің акт залында жаңа 10 орындық орнатылды. Тәлім алған мектебіне бұл сыйлықты 1981-ші жылы оқу ордасынан түлеп ұшқан Байжан Қанафин мен Талғат Шулатов жасады. Олар қазір Астана және Алматы қалаларында тұрады», – деп мәлімдеді Жезқазған қаласы әкімінің баспасөз қызметі. 

Анастасия Сапа және Дария Омар да бұл мектепті 16 жыл бұрын тәмамдаған. Алайда үлкен өмір жолына жолдама берген білім ордасын ешуақытта ұмытқан емес. Түлектер қазір Ресейде тұрады. Өз мектебіне олар жалюзи сатып алып берген – сыйлық 252 мың теңгені құрады.

Қалалық әкімдік жерлестеріне үлкен алғыстарын айтып, жергілікті кәсіпкерлерді демеушілік етуге шақырды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button