Жаңалық

Шарм эль-Шейх қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы талқыланды

Мысыр Араб Республикасының Шарм эль-Шейх қаласында бүкіләлемдік жастар форумының ашылуы өтті. Аталған форумның жұмысына Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің вице-министрі Абзал Нүкенов қатысты.

ҚР СІМ хабарлағандай, форум аясында вице-министр Мысыр президенті Абдель Фаттах Ассисимен, сондай-ақ бірқатар мемлекеттердің жастар ісі, спорт, сыртқы істер, туризм министрлерімен кездесті. А. Нүкенов  аталған форумға шақырғаны үшін Мысыр Президенті Абдель Фаттах Ас-Сисиге алғысын білдіріп, шараның айрықша маңызға ие екендігін атап өтті.

«Мәдениет және өркениеттер арасындағы айырмашылықтар: қақтығыс немесе интеграция?» тақырыбында өткен панельдік пікір алмасуда Абзал Нүкенов елімізде жүзеге асырылып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасының өзектілігіне тоқталды.

А.Нүкенов Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі бағыттары туралы баяндап, Қазақстанның этносаралық және конфессияаралық келісімді дамытуға қосқан  тәжірибесін атап көрсетті.

«Жастарды тәрбиелеудің басты бағыттарының бірі жастар туризмін дамыту болып табылады. Әлемді, оның тарихи жерлерін және ескерткіштерін тану арқылы жастар өз білімдерін байытады, көзқарастарын кеңейтеді, жаңа достар табады. «Студент жастардың мәдени керуені» атты жыл сайынғы жастар жобасын жүзеге асыруды ұсынамыз. Ол мәдени жанасуды іске асырудың үздік тетіктерінің бірі бола алады», – деп атап өтті А. Нүкенов.

Сондай-ақ, вице-министр аталған салада өзекті мәселелер бойынша тұрақты онлайн-кеңестерді ұйымдастыру арқылы бірлескен жұмысты күшейтуді ұсынды.

Бүкіләлемдік жастар форумына Мысыр Араб Республикасының Президенті  Абдель Фаттах Ас-Сиси, Иордания елінің ханзадасы Хассан бин Талал және Ливан елінің  Премьер-Министрі Саад Харири және т.б қонақтар қатысуда.

Бүкіләлемдік жастар форумының шеңберінде «Жастардың жаһандық мәселелері», «Тұрақты даму, технологиялар, кәсіпкерлік және гуманитарлық мәселелер», «Өркениеттер және мәдениет», «Болашақ көшбасшыларды қалыптастыру» тақырыптарында түрлі панельдік пікірталас алаңдары ұйымдастырылады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button