Жаңалық

Қазақстан қабылдаған латын нұсқасын Soile.kz сайты арқылы үйренуге болады

Soile.kz сайты арқылы Қазақстан қабылдаған латын нұсқасын үйренуге болады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры және Мемлекеттік тілді дамыту қорының ұйымдастыруымен «Жаңа әліпби – жаңғыру жолы»атты дөңгелек үстелде Азат Шәуеев мәлімдеді.

Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлағандай, Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шауеевтің айтуына қарағанда республикалық soile.kz сайты арқылы әлемнің түкпір түкпірінен 70 мыңға жуық адам қазақ тілін үйреніп жатыр.

«Өткен жылы ғана іске қосылған бұл сайттың жұмысы қазір жақсарды. Бүгінгі таңда әлемнің түкпір-түкпірінен 70 мыңдай адам осы сайт арқылы қазақ тілін үйреніп жатыр. Алдағы жылы біз бұл сайттың ағылшынша және латынша нұсқасын іске қосатын боламыз. Сол кезде біз шет елдегі қандастарымыздың да қазақ тілін үйренуіне мүмкіндік беретін боламыз. Сонымен қатар,  олар Қазақстан қабылдаған латын нұсқасын да осы сайт арқылы үйрене алады» – дейді Азат Шәуеев.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button