Жаңалық

Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша 125 жоба жүзеге асырылуда – Б.Байбек

Алматы қаласында «Рухани жаңғыру бағдарламасын бойынша құны 87 млрд. теңгеден астам 125 жоба  қолға алынған. Бұл туралы ОКҚ-да журналистер алдында ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысын жариялаған Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек хабарлады.

«Алматы қаласында «Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыруға айрықша назар аударылған. Бүгінгі күні құны 87 млрд. теңгеден астам 125 жоба  қолға алынған. «Туған жер» жобасына бизнес белсенді түрде араласып, әлеуметтік нысандар салуда. Жеке қаржы есебінен  Наурызбай ауданында 500 адам қатынайтын емхана, 1,2 мың орынды мектеп салынды. Алатау ауданында жеңілатлетті стадион іске қосылды. Сонымен қатар, болашақта халықаралық деңгейдегі баққа айналатын Алматының Ботаникалық бағын модернизациялау жобасы да қолға алынды», – деді шаһар басшысы Бауыржан Байбек  ОКҚ-да журналистерге.

Оның айтуныша, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойыншаАлматыда киелі жерлер тізімі жасалды. Дәлірек айтсақ, 22 объект, оның ішінен 5 объект Қазақстанның киелі  жерлер картасына енді.

«Бүгінгі күні қала тұрғындарының басым бөлігі – 35 жасқа дейінгі жастар, еліміздің  әрбір 3-ші студенті Алматыда оқиды, сондықтан 2020 жылға дейінгі жастардың қалалық Жол картасы жасалды.  Сырттан келген жастарды іскерлікке, ерікті болуға және басқа да кәсіптерге баулитын Лофт-орталық ашылды. Қазірдің өзінде 7,8 мың адам жұмысқа тұрды.2,5 мың адамға тегін кәсіби білім берілуде. Қалада «Алматы жастары» атты жастардың тұрғын үй бағдарламасы қолға алынды, мұнда 35 жасқа дейінгі жастар жеке пәтер алу үшін жеңілдетілген заем ала  алады.  «Алматы» ҰК ӘКК» АҚ жастар үшін жатақхана салатын болады. Биыл біз «Рухани жаңғыру»  жобасы аясында 2000 орынды 4  жатақхана саламыз. Келер жылы 2,4 мың орынды тағы да  2 жатақхана құрылысы басталады, – деп түйіндеді Бауыржан Байбек.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button