Жаңалық

БҚО-да мектеп оқушыларына арналған облыстық медиафорум өтті (ФОТО)

Батыс Қазақстан облысында «Туған жер» бағдарламасының шеңберінде мектеп оқушыларына арналған облыстық медиафорум өтті. Бұл туралы аймақ әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Форумның мақсаты – балалар мен жасөспірімдер қозғалысының белсенділерін ақпараттық ортаға тарту, қатысушылардың ақпараттық шығармашылыққа қызығушылығын арттыру, «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасы аясында жасөспірімдердің рухы мықты адам болуға, туған жерін сүюге, ғаламтордағы, әлеуметтік желідегі ақпараттың ақ-қарасын ажырата білуге шақыру, журналистика саласына қызығушылығы бар жасөспірімдерді анықтау және оларға кәсіптік бағдар беру, БАҚ-мен жұмыс тәжірибесін қалыптастыру, білім беру ұйымдарында ақпараттық қызметтің деңгейін көтеру, балалардың әлеуметтік бастамаларын қолдау, деді ұйымдастырушылар.

«Шараға аудан, қала мектептерінен 65 қатысушы қатысты. Шараның ашылу салтанатында «Жас Ұлан» ұйымының жас көшбасшылары «AQJAI’YQ» РТРК БҚО филиалын жаңа атауымен құттықтап өтті. Форум аясында қатысушылар «AQJAI’YQ» РТРК БҚО филиалы және «Жайық ПРЕСС» медиахолдингінің үздік мамандарымен кездесіп «Блог дегеніміз не? Блогер деген кім?», «Мақала қалай жазылады?» «Тележүргізуші», «Тілші», «Бейнеоператор», «Фототілші» бағыттары бойынша шеберлік сағаттарынан өтті. Сондай-ақ, қатысушылар аталмыш мекемелердің мұражайларына және қызметшілерінің жұмыс барысымен танысып, саяхат жасады», – делінген хабарламада.

Форум соңында қатысушыларға білім басқармасының сертификаттары табысталды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button