Жаңалық

Г.Әбдіқалықова ҚХА-ның рухани жаңғыру бойынша атқарған жұмысы туралы айтып берді

ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова  Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген  отырысына қатысты.

Г.Әбдіқалықова  өз сөзінде  қоғамды рухани жаңғырту  үрдісіне Қазақстанның әр азаматын тарту қажеттігін айтты.

«ҚХА елдің әрбір өңірінде  рухани жаңғырту бойынша жобалар жоспарын жүзеге асыруда. Онда 593 пункт қарастырылған.  Ассамблея жұмысына өңірлік  жобалық кеңселердің қатысуы өте маңызды.  Бүгін ҚХА мүшелері  мыңдаған өңірлік жобаларда жұмыс істеуде.  Сондай-ақ, Ассамблея дербес түрде  76 жобаны жүзеге асыруда», – деді Мемлекеттік хатшы.

Ол айтып өткендей, «Қазақстанның 100 жаңа есімі»  жобасына үміткерлерді ұсыну бойынша финалдық жобаларда  302 кандидатқа дауыс беру жүргізілуде. Бұл тізімде  елдің әртүрлі этнос өкілдері бар.

«Сондықтан да, болашақта жоба қатысушыларын  қоғамдық-саяси ілгерілендіру бойынша ауқымды жұмыс күтіп тұр.  Ол үшін  2018 жылы Ассамблея  бірқатар жобаларды жоспарлап отыр.  ҚХА-ның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы айтарлықтай табыс әкелді.  ЭКСПО аясында бейбітшілік пен келісім аллеясы ашылды. Н.Назарбаевтың  қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық  моделінің таныстырылымы  Ұлттық Музейдің Ассамблея залында өтуі ЭКСПО-ның маңызды шарасына айналды», – деді Г.Әбдіқалықова.

Мемлекеттік хатшы айтқандай, көрме кезінде оған  18 мың қонақ келген.

Сондай-ақ, ол Ассамблеяның алдағы жылдағы жоспары туралы айтып берді.

«Бұл еліміздің саяси-экономикалық, мәдени өміріндегі ҚХА-ның жоғарғы рөлі туралы айтады. Ағымдағы жылдың сәуір айында өткен ҚХА сессиясында Мемлекет басшысы этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынас бойынша 20 тапсырма берді,. Бүгінде оның 12-і жүзеге асырылған, қалған тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша бірқатар шаралар қолға алынып, бір жүйеге қойылды. Осы ретте, бірқатар мәселелерге назарларыңызды аударғым келеді. Біріншіден, Қазақстан халықтарының тарихи интерактивті картасын және ҚХА-ның көпфункционалды мультимедиялық порталын жасақтау жұмыстарын байланыстыру керек», – деп атап өтті ол.

Гүлшара Әбдіхалықованың айтуынша, жасақталып жатқан «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы ясында портал шынайы уақытта ақпарат беретін қазақстандық жүйенің үлгісіне айналуы керек.

«Мысалы, ағымдағы жылы республикалық және аймақтық БАҚ-та этносаралық тақырыпта 9 мыңнан астам ақпарат шықты. Болашақта олардың барлығы жаңа форматта қолжетімді болуы тиіс. Болашақта оның барлығы жаңа порталда қолжетімді болуы тиіс. Сондықтанда, ҚР АКМ  мен «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі сайтты басқару жұмысына, оны  толтыру мазмұна ерекше назар аудару керек», – деп тапсырма берді Мемлекеттік хатшы.

Екінші мәселе «ҚР ҚХА туралы заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңжобасына қатысты, ол алдағы жылдарға ҚХА институтын нығайту бойынша негізгі бағыттарды ұсынады.

«Этно-мәдени орталықтарға әлеуметтік желілерде отыру уақыты келді. Өздеріңіз білетінде өз ұлтыңа деген махаббат өзге ұлтқа құрметпен қараудан туындайды», – деп толықтырды Г.Әбдіхалықова.

 Ақбота Күзекбай

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button