Жаңалық

«Қазақстан халықтары» интерактивті картасы қандай тақырыптарды қамтиды (ФОТО)

Мемлекет басшысының ҚР БҒМ-ға берген тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау мақсатында ҚХА мүшелерінің, тарих, география, ақпараттық және анықтаушы технологиялар  саласы ғалымдарының қатысуымен ғылыми негізде тарихи интерактивті карта даярлайтын арнайы жұмыс тобы құрылды.

«Бүгінде бұл тапсырмаларды жүзеге асыруға үш институт атсалысуда. Олар: Ш.Валиханов атындағы тарих және этнология институты, География институты мен Ақпараттық және анықтаушы технологиялар институты. Бұл жобаның басты құндылығы оның қоғамдық мәдени бағытында. Жалпы, біз бұл жұмысқа кірісер алдында әлемдік тәжірибені сүзгіден өткіздік», – деді ҚР БҒМ вице-министрі.

А. Аймағамбетов хабарлағандай. Осындай тектес халықтар картасы АҚШ пен Ресейде және кейбір еуропалық елдерде бар.

«Біздің «Қазақстан халықтары» зияткерлік ғылыми картада еліміздегі халықтардың этникалық тарихы, жер аудару, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар, қазақстандық халықты қалыптастырған халықты қоныстандыру процесі бүге шүгесіне дейін көрсетілген. Жоба заманауи технологияларға негізделген», – деді вице-министр.

Оның айтуынша, аталмыш карта барлық қолданушы интерфейстерде қолжетімді болады. Карта бес бөліктен тұрады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен  Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген  отырысы өтті.

Ақбота Күзекбай

Фото: Азамат Әлиев

«Қазақстан халықтары» интерактивті картасын жасақтау барысы туралы ҚР білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағанбетов ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысында хабарлады.

Мемлекет басшысының ҚР БҒМ-ға берген тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау мақсатында ҚХА мүшелерінің, тарих, география, ақпараттық және анықтаушы технологиялар  саласы ғалымдарының қатысуымен ғылыми негізде тарихи интерактивті карта даярлайтын арнайы жұмыс тобы құрылды.

«Бүгінде бұл тапсырмаларды жүзеге асыруға үш институт атсалысуда. Олар: Ш.Валиханов атындағы тарих және этнология институты, География институты мен Ақпараттық және анықтаушы технологиялар институты. Бұл жобаның басты құндылығы оның қоғамдық мәдени бағытында. Жалпы, біз бұл жұмысқа кірісер алдында әлемдік тәжірибені сүзгіден өткіздік», – деді ҚР БҒМ вице-министрі.

А. Аймағамбетов хабарлағандай. Осындай тектес халықтар картасы АҚШ пен Ресейде және кейбір еуропалық елдерде бар.

«Біздің «Қазақстан халықтары» зияткерлік ғылыми картада еліміздегі халықтардың этникалық тарихы, жер аудару, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар, қазақстандық халықты қалыптастырған халықты қоныстандыру процесі бүге шүгесіне дейін көрсетілген. Жоба заманауи технологияларға негізделген», – деді вице-министр.

Оның айтуынша, аталмыш карта барлық қолданушы интерфейстерде қолжетімді болады. Карта бес бөліктен тұрады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен  Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген  отырысы өтті.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button