Жаңалық

Еліне еңбегін сіңірген азаматтарды халық білуі керек – О.Беркінбаев

Еліне еңбегін сіңірген азаматтарды халық білуі керек. Бұл туралы e-history.kz  порталының  жетекшісі Олжас Беркінбаев  «Стратегия» пікірталас клубында мәлімдеді.

««Қазақстанның  100 жаңа есімі» жобасы сарапшылық тобының мүшесі ретінде айтарым, бұл жобаға дауыс беру  18 қазанда басталды. «Жаныңда жүр жақсы адам» демекші, 1991 жылдан бастап еліміздің мәдениет, ғылым,экономика, өнер   саласына еңбек сіңірген азаматтардың еңбегін ескеру керек. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудың ауқымды тармағы осы   «100 жаңа есім» жобасы болып танылады. Мен өз дауысымды  өмірімде көрмеген  алматылық жігіт Асхат деген жігітке берер еді. Ол жігіт бастыта жұмыс істейді. Яғни, бір ай жұмыс істеп, бір ай демалады.  Бір ай демалысында Алматыда жедел-жәрдемде тегін, ерікті  ретінде   жұмыс істейді. Ол жігіттің  іс-әрекетінен  кейін  300 адам бүгін ерікті болып жұмыс  істеп жүр. Сол жігітке дауыс берер едім. Айналадағы адамдар осындай игі істерді біліп жүруі керек», – деді Олжас Беркінбаев.

Айта кетейік,  2017 жылдың 10 қарашасында Астана уақыты бойынша 23.59-де www.100esim.el.kz сайтында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының финалистеріне онлайн дауыс беру аяқталады. Дауыс беру 18 қазанда басталған болатын, деп хабарлады «el.kz» интернет порталы.

«Strategy2050.kz» АА хабарлауынша, жобаның  ақтық кезеңіне 302 үміткер шықты, олар  қызметтің түрі бойынша  6  санатқа бөлінді: ғылым-45 адам, спорт-42 адам, қоғам – 85 адам, медицина-46 адам, мәдениет – 37 және бизнес – 47 адам.

Қатысушылар барлық облыстар мен Астана, Алматы қалаларын таныстырады.Дауыс берудің соңғы күні статистика жоба қатысушыларына  1 млн  76 мың дайыс берілгенін көрсетті. Жалпы көрсеткіште  316 мың адам дауыс берген. Сандардағы айырмашылықтың болуы бір адам  3 кандидатқа дауыс бере алады. Осылайша, бір адам өзі қажет деп таныған 18 адамға әр санаттан дауыс бере алады. Орташа есеппен қолданушы 3-4 үміткерге дауыс береді. Айта кетерлігі, дауыс беру соңына дейін нәтиже өзгеруі мүмкін.

Аягөз Құрмаш 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button