Жаңалық

«Жорға» би ансамбліне 20 жыл (ФОТО)

Маңғыстау облысында  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жорға» би мектебінің 20 жылдық мерейтойына арналған «Бабалар ізімен» атты жиын өтті.

Шығармашылығы 1997 жылы басталған ұжым Маңғыстаудың тумасы, белгілі коюшы хореограф, Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі Серік Сариевтің бастауымен құрылған болатын.

«Жиынға Республикамыздың түкпір түкпірінен келген би өнерінің майталмандары, атап айтқанда Қазақстан Республикасының халық әртісі – Гүлжан Ізімқызы Талпақова, Профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі – Тойған Оспанқызы Ізім, режиссер – хореограф, Атырау облыстық «Татулық» татар-башқұрт этномәдени ұйымының жетекшісі – Гульсина Ғарифжанқызы Байкенова, балетмейстер, «Таншолпан» би ансамблінің жетекшісі – Бибігүл Тасболатқызы Тлеубекова, Қорғаныс министрлігі орталық ансамбілінің балетмейстірі, Алматы хореографиялық училещесінің халықтық-сахна биінің оқытушысы, режиссер–хореограф Жаңатай Имашұлы Қожабеков, хореограф, түркі халықтарының өнері мен мәдениетін дамытуға ықпал жасайтын халықаралық Түріксой ұйымының өкілі – Арман Нурмухаммад-улы, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, әнші – Айжан Нұрмағанбетова, Әзірбайжан әншісі Намиг Асланов және БАҚ өкілдері қатысты», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, шара барысында «Жорға» би ансамблінің жетістіктері, жалпы қазақ би өнерінің бүгінгі деңгейі мен ХХІ ғасырдағы рөлі туралы кеңінен әңгіме қозғалды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button