Жаңалық

Жамбыл облысының Байзақ ауданында 64 тарихи-мәдени ескерткіш тіркеуге алынған

Жамбыл облысының Байзақ ауданында 64 тарихи-мәдени ескерткіш тіркеуге алынған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Байзақ ауданының әкімі Рахматілда Рахманбердиев «Қазақстанның киелі  жерлерінің географиясы» бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы» баспасөз-конференциянда хабарлады.

«Барлық заманда рухани құндылықтар адам қоғамы мен мемлекеттің дамуын негізгі күш болып табылады. Қоғамдар мен мемлекеттерде орын алатын саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістер рухани құндылықтардың тікелей ықпалымен жүзеге асады.

Оның айтуынша, Елбасы мақаласында айтылғандай, Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени географиялық белдеуі-ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы. Біз халықтың санасына-жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз керек. Міне осыған байланысты, ұлттық құндылықтар мен тарихи мұраларымызды кеңінен насихаттауға арналған «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында ауданымызда біраз тірліктер қолға алынды.

«Байзақ өңірі де рухани құндылықтар мен тарихи жәдігерлерге бай. Бүгінде аудан бойынша 64 тарихи-мәдени ескерткіш тіркеуге алынған. Оның 3-і — республикалық маңызы бар, ал қалғандары жергілікті маңызы бар ескерткіш саналады. Ерлігімен әлемді аузына қаратқан батыр бабаларымыздың өшпес ерліктерін, ұлттық құндылықтарымызды насихаттау арқылы әлемнен өз орнымызды аламыз. Солар арқылы бүкіл әлем қазақтың тарихын, өткенін, кешегісін жақсы білетін болады. Сол себепті бүгінгі таңда аудан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштердің  құжаттарын заңдастыруға жергілікті бюджеттен 3 млн. теңге қарастырылды», – деп түйіндеді Р.Рахмадиев.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button