Жаңалық

«Яссы-Күлтөбе» қалашығы ашық аспан астындағы музейге айналады (ФОТО)

«Яссы-Күлтөбе» қалашығы ашық аспан астындағы музейге айналады, деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі.  

««Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК ескерткіштер тізіміндегі Республикалық маңызы бар «Күлтөбе»  қалашығы (І мың жылдық ортасы –ХІҮ ғ.) — Қазақстандағы көне қала орны. Қалашық  Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен оңтүстікке қарай 350 м  жерде  орналасқан, сопақша келген, биіктігі 9 м, аумағы 150х120 м ауқымды төбешік», – делінген хабарламада.

Қалашықта археологиялық қазба жұмыстарын ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан бөлінген грантқа «Түркістан экспедициясы» (жетекшісі т.ғ.к. Е.Смағұлов) жүргізіп келді.

2013-2014 жж. қалашық аумағын табиғи факторлардан қорғау үшін металоконструкция құрастырылып, төбесі уақытша материалмен жабылған.

2017 жылдан бастап ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша археологиялық қазба жұмыстарын «Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты»  жүргізуде. Сондай-ақ, «Қазқайтажаңғырту» РМК тарпынан «Күлтөбе» қалашығы ескерткішінде жоспарға сай ағымдағы жылдың  17 қарашасынан бастап төбесін жабу жұмыстары іске асырылады.

«Күлтөбе» қалашығындағы ғылыми-зерттеу және реставрация жұмыстары ескерткіштің барлық тарихи кезеңдерін анықтап, нәтижесінде қалашықты ашық аспан астындағы музейге айналдыруға бағытталған.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button