Жаңалық

«Оралман» фильмі Германиядан жүлделі оралды

Үстіміздегі жылы қарашаның 9 – 19 күндері Германияда өткен 66-шы Халықаралық Мангейм-Хайдельберг (International Filmfestival Mannheim-Heidelberg) кинофестивалінде «Оралман» фильмі үздік жетістіктері үшін арнайы жүлдемен марапатталды. 

«Мәдени және діни өзгешеліктеріне қарамастан, өз еліне қайта оралған отбасының драмалық оқиғасы эмоционалды әсерлі баяндалғаны үшін марапатталады, – делінген фестивальдің ресми сайтында. 

Мангейм-Гейдельберг кинофестивалінің нәтижесі бойынша, байқаудың «Үздік толықметражды фильмі» атты бас жүлдесі режиссер Вито Пальмиеримнің «Техаста көрісерміз» атты итальяндық картинаға бұйырды. Ал филиппиндық режиссер Багане Фиол түсірген «Ормандағы серуен» фильмі фестивальдің арнайы жүлдесімен марапатталды. Сонымен қатар, «Күзетші» (Доминикан Республикасы, Пуэрто-Рико, Бразилия), «Қасиетті ауа» ( Израиль) және «Мұртаза» (Түркия) атты фильмдер қазылар алқасының құрметті сыйлықтарымен марапатталды.

«Сонымен қатар, кинофестивальдың ұйымдастырушылары  «Оралман»  кинотуындысын Германияда прокатқа шығаруға ұсыныс жасады», – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген режиссері Сәбит Құрманбековтің «Оралман» фильмі аталған кинофестивальдің негізгі бағдарламасына іріктелініп алынған болатын.  Биыл фестивальдің бас жүлдесіне 22 елден 21 картина таласқа түскен.

Жыл сайын фестивальге 500 кәсіби маман мен 60 мың көрермен қатысады. Бұл өз кезегінде кинофестивальдің ауқымы кең және Германиядағы ең ірі фестивальдердің бірі екенін дәлелдейді. Фестиваль шеңберінде режиссерлермен, актерлермен және продюсерлермен кездесулер ұйымдастырылады.

Айта кетелік, Башқұртстанда үстіміздегі жылдың желтоқсанында өтетін IV Халықаралық «Күміс Ақбозат» кинофестивалінің ашылу салтанаты «Оралман» фильмімен ашылады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button