Жаңалық

Жаңаөзенде жас мамандар слеті өтті

Елбасымыздың  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында қала әкімдігі қолдауымен Жаңаөзен қаласында «Бала деп соққан жүректер» атты жас мамандар слеті өткізілді.

«Оқушылар шығармашылық үйінде өткен слетті қалалық білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие және оқыту орталығы ұйымдастырды. Басты мақсат – тәрбиеші мамандығының мәртебесін көтеру, ізденімпаз, талантты, шығармашыл жас мамандарды анықтап, олардың кәсіби білімдері мен біліктіліктерін арттыру. Сонымен, слетке мемлекеттік 19 балабақша және жекеменшік «Ақбұлақ-Жаңаөзен» балабақшаласының командалары қатысты. Байқау таныстыру, инновациялық технологияларды қорғау, жаңаша мектепке дейінгі ұйым педагогының жаңа имиджі және өнер сайысы секілді бөлімнен тұрды. Тыңғылықты дайындықпен келген барлық командалар өз өнерлерін ортаға салды. Таныстыруды көңілді әнмен, үйлесімді бимен бастаған жас мамандар «Рухани жаңғыру» бағытында жаңа инновациялық технологияларды көрсетіп, тың идеяларымен бөлісті», – делінген хабарламада.

Слет соңында қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар анықталып, жүлделі орындарға кубоктар мен диплом табысталды. 1 орынды № 22 «Ақбұлақ» балабақшысы иеленсе, 2 орын – № 25 «Толағай» балабақшасына, 3 орын – № 23 «Айзере» балабақшасына бұйырды. Ал, бас жүлде № 21 «Назерке» балабақшасына лайық деп танылып, жеңімпаз атанды. Байқауда жас мамандардың еңбегін бағалай отырып жүлделі орындардан бөлек 10 номинация тағайындалды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button