Жаңалық

Рухани жаңғыруды әлеуметтің белсенділігін арттырусыз елестету мүмкін емес – Г.Әбдіқалықова

Рухани жаңғыруды   әлеуметтің белсенділігін арттырусыз жүзеге асыру мүмкін емес. Бұл туралы  ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова «Шабыт» Қазақ ұлттық университетінде үкіметтік емес  ұйымдардың сыйлығын табыстауға арналған салтанатты шара барысында айтты.

«Рухани жаңғыруды  әлеуметтің белсенділігін арттырусыз, елдің болашағына адамдардың жауапкершілігін арттырмаусыз  жүзеге асыру мүмкін емес. Бұл үрдістің ажырамас бөлігі  үкіметтік емес секторды нығайту болып саналады», – деді Г.Әбдіқалықова.

Ол айтып өткендей, Үкіметтік емес  ұйым термині  БҰҰ құрылтайы хартиясына қол қойылғаннан кейін 1945 жылы  жылы пайда болды. Аталмыш құжаттың    71  бабында алғаш рет ҰЕҰ түсінігі пайда болды. Қазақстанда  үшінші сектор  80-ші жылдардың  соңына қарай дами бастады.  Сол кездегі танымал  қоғамдық ұйымдардың  бірі «Немада Семей» қозғалысы.

«Тәуелсіздік жылдары  қазақстандық ҮЕҰ жақсы тәжірибе жинады, бүгінде елде  19 680 үкіметтік емес ұйым тіркелген.  Олар Астана, Алматы, ОҚО, Қарағанды және Қызылорда облыстарында белсенді жұмыс істейді», – деді Мемхатшы.

Ол айтып өткендей, ҮЕҰ  саласында   29 мың адам  жұмыс істейді.

Айта кетейік, Астанада  ҮЕҰ  59 сыйлығын беру салтанаты өтті. Әр премияның құны  4,5 млн теңгені құрады.

Қайрат Жандыбаев

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button