Жаңалық

Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында жеңіл атлетикадан республикалық турнир өтті

Петропавлда Александр Винокуров Спорт сарайында Рухани қазына кіші бағдарламасының «Ұлттың салауатты рухы» жобасының шеңберінде «Спешиал Олимпикс» республикалық турнирі өтті.

Турнирде Қазақстан Республикасының 8 аймақ өкілдері (Атырау, Ақмола, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарынан) және Солтүстік Қазақстан облысының түзету мекемелерінің командалары қатысты. Турнирде 150 ден астам спортсмен қатысты.

«Сайыс бірнеше спорт түрінен өтті: ара-қашықтыққа жүгіру (25,50,100,400 метр.), 4+100 м. эстафетасы, орынан қашықтыққа секіру, допты лақтыру. Командалар: 3 ер адамнан, 3 әйел адамнан, 1 тренер, 1 өкілден тұрған. Атлеттер 2 деңгейге бөлініп сайысқа қатысты», – делінген хабарламада.

Айта кетер болсақ, мүмкіндігі шектеулі жандар арасында жеңіл атлетикадан республикалық турнир биыл алғаш рет Солтүстік Қазақстан облысында өткізіліп отыр.

Өзінің қабілетін барынша көрсете білген қатысушылар медальдармен, сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button