Жаңалық

Қарағанды облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасына 13 млрд теңгені құраған 400 әлеуметтік жоба енді

Қарағанды облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жалпы құны 13 млрд теңгеден асатын 400-ден астам ірі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл туралы облыс әкімі Ерлан Қошанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді. 

Оның айтуынша барлық соманың үштен бір бөлігі – жеке тұлғалардың үлесі. 120 жоба қазірге дейін жүзеге асырылып үлгерген.

«Облыстағы Рухани жаңғыру – ол тек меценаттардан қаражат жинау ғана емес. Бір жақсы мысал болды – жекеменшік оңалту орталығы шеберлік-сынып өткізу үшін ресейлік үздік оңалтушыны шақыртты. Кездесуге сонымен қатар мемлекеттік ауруханаларда қызмет ететін 20 дәрігер шақырылды, олар тегін түрде білімдерін жетілдіріп, тәжірибелерін шыңдай түсуге мүмкіндік алды», – деп атап өтті Е. Қошанов.  

Аймақ басшысы атап өткендей, киелі мекендердің бірі Ұлытау болып табылады.

«Бұл макрожобаның жанынан біз бірнеше микрожобаларды құрдық. Ұлытауда бір терезе принципі бойынша қызмет көрсететін туристерге арналған қонақ-орталықтары ашылады. Сонымен қатар Ұлытауда жайлы мекендеуге арналған барлық қажетті жабдықтармен қамтылған 50 киіз үйден құралған этно ауыл пайда болады», – деп бөлісті жоспарларымен облыс әкімі. 

Атап өтер болсақ, Сарыарқа «пирамидасы» сенсациялық жаңалыққа айналды. Бірегей археологиялық нысан әлемдік қызығушылықты оятты. Бұл орында NationalGeograhiс түсірілім тобы болып қайтты – материал келесі жылы жарық көреді.

Жалпы, Қарағанды облысының аумағында 2 700 тарихи және мәдени ескерткіштер анықталған, оның ішінде 1 538-і мемлекет қорғауында. 22 ескерткіш республикалық мәртебеге ие. Олардың қатарында: Жошы хан және Алаша ханның кесенелері, Домбауыл мазары, Беғазы, Сангру қорымдары, Басқамыр, Аяққамыр ортағасырлық қалашықтар, Қызыл-Кент сарайы және т.б.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button