Жаңалық

Алаш – қазақтың ұлттық тұтастық идеясы (ФОТО)

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің үлкен мәжіліс залында Алаш қозғалысы және Алаш Орда үкіметінің 100-жылдық мерейтойына арналған «Алаш – қазақтың ұлттық тұтастық идеясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.  

«Шара Президент Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында баяндалған тарихи сананы қалыптастыру идеясымен ұштасып жатыр. Конференция Алаш зиялыларының идеясын, тағылымды ғұмырын ұрпақ тәлім-тәрбиесінің өзегіне айналдыру, тәуелсіздігімізді баянды ету жолында әлемдік ғылым-білім мен руханияттың заңғар биігіне көтерілген іргелі еңбектерін жан-жақты насихаттау мақсатында өткізіледі. Конференция қорытындысы бойынша арнайы жинақ шығарылады», – деп хабарлады ұйымдастырушылар.

Айтулы шараның жұмысына алаштанушы отандық және шетелдік ғалымдар, белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері Мырзатай Жолдасбеков, Өмірзақ Озғанбаев, ҚР Мәжіліс депутаты Азат Перуашев, белгілі ғалым-тарихшы Бүркіт Аяған, «Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Берік Әбдіғали және Астана қаласындағы қоғамдық ұйымдардың өкілдері, докторанттар, магистранттар мен студент жастар қатысты.

Аталған конференция аясында Ұлттық музей кітапханасының ұйымдастырумен Алаш қайраткерлерінің еңбектері мен Алаш қозғалысын зерттеп жүрген ғалымдардың шығармашылығы топтастырылған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, Ұлттық музейдің экспозициялық бөлімі мен Президент мұрағаты Алаш қайраткерлеріне қатысты құнды жәдігерлер мен мұрағат құжаттарының көрмесін өткізуде.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button