Жаңалық

Солтүстік Қазақстанда балалар сән театрларының фестивалі өтті (ФОТО)

Солтүстік-Қазақстан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» атты ішкі бағдарламаны жүзеге асыру аясында «Сән сахнасының жұлдыздары» атты балалар сән театрларының II-ші Халықаралық фестивалі өтті.

Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы облыстық орталығында келесі шығармашылық ұжымдар қатысты: Ресей үлгілі ұжымы «Светлана» сән мектебі (Ресей, Барнаул қ.), Алтай өлкесі, «Светлана» Алтай сән мектебінің үлгілі балалар ұжымы (Ресей, Новоалтайск қ., Алтай өлкесі), «Кудесница» жас сәнгерлер мектебі» үлгілі балалар ұжымы (Ресей, Киров қ.), «Колорит» балалар үлгілі өзіндік қызмет жасайтын Алтай ұжымының дизайн-студиясы (Ресей, Белокуриха қ.), «Эдельвейс» балалар сән театры (Ресей, Орынбор облысы, Сорочинск қ.), «Томирис» балалар сән театры (ҚР, Петропавл қ.).

«Балалар сән театрларының «Сән сахнасының жұлдыздары» халықаралық фестивалі әр ұлттың балалар мен жасөспірімдердің қарым-қатынас арқылы рухани-эстетикалық мәдениетін дамытып қалыптастыруға, шығармашылық байланыстарды, тілдесу мәдениетін дамытуға жағдай жасайды», – деп хабарлады ұйымдастырушылар.

Фестиваль бағдарламасында келесідей іс-шаралар жоспарланған: Солтүстік – Қазақстан облысының тарихи-өлкетану мұражайына, Петропавл қ., ботаникалық саябағына саяхат, Білім беру келесі мекемелеріне кіріп шығу: химия-биология бағытында жұмыс істейтін Назарбаев Зияткерлік мектебіне, «Әбу Досмухамбетов атындағы облыстық дарынды балалар мектеп–гимназиясы».

Бұдан басқа, фестиваль аясында «Алтын бесік» атты сәндік – қолданбалы шығармашылығы көрмесі өткізілді.

«Біздің ойымызша, фестиваль идеясы шығармашылық міндеттерді шешу барысында стандарттан тыс, конструктивті тәсілдерді табуға, жас ұрпақтың рухани-азаматтық дамуларына және кәсіби өзін-өзі табатындарына  бағытталғаны ең бағалы болып табылады» – деді «СҚО әкімшілігінің Білім беру басқармасы» КММ-нің рухани-адамгершілік білім беру және тәрбие жұмысы бөлімінің жетекшісі Анатолий Тарахтун.

Фестиваль бірнеше номинациялар бойынша  қорытындылды:

«Костюм элементтерін құру барысындағы соны техникасы үшін» номинациясы:

– Ресей үлгілі ұжымы «Светлана» сән мектебі, Ресей, Барнаул қ., Алтай өлкесі, жетекшісі Светлана Петрягина;

– «Эдельвейс» балалар сән театры, Ресей, Орынбор облысы, Сорочинск қ., жетекшісі Ольга Воротынцева.

«Ең үздік хореографиялық қойылымы үшін» номинациясы:

– «Кудесница» жас сәнгерлер мектебі» үлгілі балалар ұжымы, Ресей, Киров қ., жетекшісі. Марина Казаковцева;

– Ресей үлгілі ұжымы «Светлана» сән мектебі, жетекшісі Светлана Петрягина, Ресей, Барнаул қ., Алтай өлкесі.

«Көркем  дәстүрлер  сақталғаны  үшін» номинациясы:

– «Колорит» балалар үлгілі өзіндік қызмет жасайтын Алтай ұжымының дизайн-студиясы, Ресей, Белокуриха қ., жетекшісі Лариса Губина;

–  «Томирис» балалар сән театры, ҚР, Петропавл қ., жетекшісі Наталья Белхороева.

«Сән қиялдары» номинациясы:

І-ші дәреже  иегерлері – Ресей үлгілі ұжымы «Светлана» сән мектебі, жетекшісі Светлана Петрягина,  Ресей, Барнаул қ., Алтай өлкесі;

ІІ-ші дәреже иегерлері –  «Эдельвейс» балалар сән театры, жетекшісі Ольга Воротынцева, Ресей, Орынбор облысы, Сорочинск қ.

ІІІ-ші дәреже иегерлері – «Колорит» балалар үлгілі өзіндік қызмет жасайтын Алтай ұжымының дизайн-студиясы, жетекшісі Лариса Губина, Ресей,  Белокуриха қ.

«Этнофольклор» номинациясы:

І-ші дәреже иегерлері – «Кудесница» жас сәнгерлер мектебі» үлгілі балалар ұжымы, жетекшісі  Марина Казаковцева, Ресей, Киров қ.

ІІ-ші дәреже иегерлері – «Томирис» балалар сән театры, ҚР, Петропавл қ., жетекшісі Наталья Белхороева.

ІІІ-ші дәреже иегерлері – «Светлана» Алтай сән мектебінің үлгілі балалар ұжымы, жетекшісі Марина Егорова, Ресей, Новоалтайск қ., Алтай өлкесі.

Фестиваль қатысушыларына дипломдар мен естелік кәдесыйлар берілді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button