Жаңалық

«Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» кітабы латын әліпбиінде басылып шыққан алғашқы кітап - Махмұд Қасымбек (ВИДЕО)

«Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» кітабы әзербайжан тілінде латын әліпбиінде басылып шыққан алғашқы кітап. Бұл туралы кітаптың тұсаукесерінде ҚР Президенті Кеңсесінің бастығы Махмұд Қасымбек хабарлады.

https://www.youtube.com/embed/BVvWdhh9P8I?ecver=1</a>” width=”480″>

«Әрине,  бұл кітаптың біздің бауырлас еліміз Әзербайжан елінде әзербайжан тілінде басылып шықты. Бұл кітаптың шығуы біздің елімізге, Президентімізге көрсетлген құрмет деп білеміз. Естеріңізге салып кететін болсақ, бұл кітап алғаш рет осыдан бес жыл бұрын қазақ және орыс тілінде басылып шықты. Содан бері қысқа мерзім ішінде аталмыш кітап ағылшын, неміс, араб, қытай, венгр,корей,  себр тілдерінде жарық көрді», – деді Махмұд Қасымбек.

Спикердің айтуынша, аз уақыттың ішінде кітаптың бірнеше тілде  жарық көруі оның әзербайжан тілінде басылып шығуына септігін тигізді.

«Кітаптың аз уақыт ішінде бірнеше тілдерде жарық көруі оның әзербайжан тілінде басылып шығуына септігін тигізді. Жалпы, бұл әзербайжан тілінде латын әліпбиінде басылып шыққан алғашқы кітап», – деді ҚР Президенті Кеңсесінің бастығы.

Мөлдір Асқарқызы

Видео Азамат Әлиев 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button