Жаңалық

Қазақ тілін латыншаға көшіру: түйткілді мәселелер мен оларды шешу жолдары

Қазақ тілін латыншаға көшіру: түйткілді мәселелер мен оларды шешу жолдары

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының (ӘЭСИ) алматылық кеңсесінде отандық сарапшылар, қоғам қайреткерлері мен зиялық қауым өкілдерінің қатысуымен «Қазақ тілін латыншаға көшіру: түйткілді мәселелер мен оларды шешу жолдары» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар латын әліпбиінің бекітілген нұсқасын енгізудегі тәжірибелік аспектілерді, оның келешектегі жетілдірілуі, мемлекеттік органдар қызметі мен қазақстандықтардың өмірінде белсенді пайдалануын талқылап, сонымен қатар, қазақ тілінің латын әліпбиіне тиімді көшірілуіне не әсер ете алады және бұл үрдістегі кері әсерлерді қалай азайтуға болады деген сауалдарға жауап іздеді.

«Бұл мәселеге қатысты қоғамда болып жатқан өткір пікірталас латын әліпбиіне көшу көптің көкейінде жүргенін айғақтайды. Қазақ әліпбиін латыншаға көшірудегі басты аргумент, ол латын әліпбиінің – ХХІ ғасырдағы хат, ғылым мен техника, ғаламтор және ІТ-технологиялар тілінің ең кең тараған графикалық жүйесі болып табылатындығы. Сондай-ақ, ол қазақ тілінің сақталып қалуын қамтамасыз етіп, өзге тілден енген сөздердің бейімделу механизмін жүзеге асырады», – деді ӘЭСИ-дің жетекші сарапшысы Айман Жүсіпова.

Сарапшының пайымынша, латын әліпбиіне көшу нәтижесінде жас буынның кирилше жазылған мәдени мұрадан қол үзіп қалуы қауіп тудырады, сонымен қатар, халықтың түрлі жазу үлігісін ұстанатын екі топқа бөлініп кету жағдайы туындауы мүмкін.

Жалпы, пікірталас барысында сарапшылар латын әліпбиіне көшу қазақстандық қоғамның дамуына, халық санасының жаңғыруына, мемлекеттің алдағы уақытта әлемдік қауымдастыққа саяси, экономикалық және мәдени интеграциясына қаншалықты ықпал ететінін талқылады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button