Жаңалық

Қазақстан барысы ауыл жастарына шеберлік сабағын өткізді

Көкпекті ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы аясында атақты палуан «Қазақстан Барысы» «Азия Барысы» турнирлерінің жеңімпазы, Әлем чемпионы, Азия чемпионы Айбек Нұғымаровпен жас спортшылардың кездесуі өткізілді, деп хабарлады ШҚО әкімдігі.

Сонымен, Тассай ауылының жастары ауылға кіре берісінде атақты палуан   Айбек Нұғымаровты қарсы алып, автошеру ұйымдастырды. Шеру аяқталғаннан Айбек Нұғымаровтың жас спортшылармен кездесуі өтті.

«Кездесу барысында жас спортшылар атақты  палуанға өз сұрақтарын қойып, Айбек Нұғымаровқа арналған өлеңдерін арнады. Сонымен қатар, Айбек Нұғымаров жас палуандарға шеберлік сабағын өткізді», – хабарлады ұйымдастырушылар.

Кездесуді жасөспірімдер арасында қазақ күресінен аудандық турнир қорытындылады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button