Жаңалық

А.Доровольский: Әрбір қазақстандық отбасының дастарханында бал тұруы керек

Анатолий Добровольский омарташы, қазіргі тілмен айтқанда дауншифтер. Табысты кәсіпкер және қоғам қайраткері бал экспортқа бағытталған ауыл шаруашлығының  әлеуетті саласы бола алатынына сенімді. «100 жаңа есім» жеңімпаздарының Елбасымен кездесуінде ол әрбір қазақстандық отбасының дастарханында бал тұруы керектігін айтты.

 

«Омарташылықпен айналысу үшін «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы лауазымынан кеттім. Маған дейін отбасымда омарташылар болмаған. Мен өз өмірімнің бал сияқты тәтті болуын қалаған болармын. Ең бақытты  сәт мен алғаш рет  құтыны балға толтырған кезім болатын. Отбасында  ормарташылар болмады, мен де осыған дейін бизнеспен айналыспадым. Туыстарым мен достарым қиын болады деді. Алғашында қиын болғаны рас. Мен бастағанда 25 бал арасы болды. Қазір олардың саны 150. Оны жақында тағы үш есеге арттыруды жоспарлап отырмын», – деді А.Добровольский.

Ол айтып өткендей, ол өзінің сүйікті ісімен айналысып, денсаулық реуептімен бөлісуге қуанышты.

«Мен өзімді бақытты әрі денсаулығы зор адам деп есептеймін. Менің сүйікті ісім болғанына қуаныштымын. Күнде жейтнім бал. Әлемде омарташылықпен айналысуға қолайлы  5-6 ел бар. Соның бірі Қазақстан», – деді ол.

Ол Елбасына 2050 жылға қарсы омарташылар бал өндірісін жылына 1 млн тоннаға  жеткізуді жоспарлап отырғандығын айтты.

«Нұрсұлтан Әбішұлы, мен былайша есептеп көрдім. Мұнай баррелі 60 доллар тұрады. Ал бал баррелі – 700 доллар. Омарта шаруашылығы нарығында дағдарыс деген болмайды. Мүмкін Қазақстан мұнаймен ғана емес, балмен де айналысатын шығар», – деді Добровольский.

Сонымен қатар кәсіпкер алдағы жоспарларымен бөлісті.

«Алдағы жылы Ақмола облысында 400 гектар аумақта бал өндірісі бойынша конвейерді іске қосамын. Алайда менің жеке жоспарларым да бар. Сізді балмен шай ішуге шақырамын», – деді Анатолий Добровольский.

Қайрат Жандыбаев

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button