Жаңалық

«Ақ шағала»: Мың бұралған бишілер өнер көрсетті (ФОТО)

Маңғыстау облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында және 1 желтоқсан Президент күніне орай «Ақ шағала» хореографиялық фестиваль-байқауы ұйымдастырылды.

Хореографиялық фестиваль-байқауы балалар мен жасөспірімдердің жан-жақты өнерлі, заманауи білімді азамат болып қалыптасуына, мәдени-танымдық шаралар арқылы рухани байлығын арттыруға үлес қосу мақсатында өткізілді.

Облыстық деңгейде өткізілген фестиваль-байқауда аудандық, қалалық кезеңдердің жеңімпаздарынан 16 би тобында, 160 оқушы өз өнерлерін көрсетті.

Қатысушы әр топ ұлттық қазақ биін және еркін тақырыпта билер орындап, нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен жеңімпаз би топтары анықталып, білім басқармасының арнайы дипломдарымен марапатталды. Сонымен бірге би топтарын дайындаған жетекшілерге де білім басқармасы атынан алғыс хаттар табысталды.

Байқау соңында барлық қатысушылар А.Тарақұлы атындағы қазақ балалар өнер мектебі оқушыларының мерекелік концертін тамашалады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button