Жаңалық

Атырауда Фариза оқулары өтті

Атырау қаласындағы Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектеп базасында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында облыстық «Фариза оқуы» байқауы өтті.

«Фариза оқуы» байқауы «Өлең, мен сені аялап өтем…» – Фариза шығармаларын жатқа, мәнерлеп оқу; «…Не деген керемет ең!» – Фариза Оңғарсынова сөзіне жазылған әндерді орындау; «Жырым қалсын жанымның ұшқынындай…» – жас дарындар және «Фаризаның шығармашылығын түсінуге ерекше бір талғам керек» – эссе жазу номинациялары бойынша өтті.

Сонымен, І дәрежелі дипломмен «Өлең, мен сені аялап өтем…» байқауы бойынша облыстық ұлттық гимназияның 9-сынып оқушысы Бағытжан Арайлым; «Жырым қалсын жанымның ұшқынындай…» байқауы бойынша облыстық ұлттық гимназияның 9-сынып оқушысы Сұлтан Бейбарыс; «…Не деген керемет ең!» байқауы бойынша облыстық Ж.Досмұхамбетов атындағы лицейдің 10-сынып оқушысы Насимов Ильяс; «Фаризаның шығармашылығын түсінуге ерекше бір талғам керек» байқауы бойынша Құрманғазы ауданы, Бегалиев орта мектебінің 10-сынып оқушысы Сатыпова Жанна марапатталды.

Ал, ІІ дәрежелі дипломмен «Өлең, мен сені аялап өтем…» байқауы бойынша: Муратова Амина – Индер ауданы, Қ.Есқалиев атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы; Жеңіс Гүлсая – Атырау қаласы, №8 орта мектебінің 9-сынып оқушысы; «Жырым қалсын жанымның ұшқынындай» байқауы бойынша: Ардаққызы Жайнар – Махамбет ауданы, Қосарал орта мектебінің 9-сынып оқушысы; Тілеміс Саят – облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 6-сынып оқушысы. «…Не деген керемет ең!» байқауы бойынша: Бауыржанова Ажар – Индер ауданы, Б.Нысанбаев атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы; Қабиев Ернар – Құрманғазы ауданы, Еңбекші орта мектебінің 11-сынып оқушысы. «Фаризаның шығармашылығын түсінуге ерекше бір талғам керек» байқауы бойынша: Жолдасқалиқызы Әсел – Исатай ауданы, Аққыстау орта мектебінің 10-сынып оқушысы марапатталды.

Сонымен қатар, ІІІ дәрежелі дипломмен «Өлең, мен сені аялап өтем…» байқауы бойынша: Құлшығазиева Аққу – Жылыой ауданы, №17 орта мектебінің 9-сынып оқушысы; Хабдрашитова Гаухар – Құрманғазы ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы; Ерғалиев Саябек – Исатай ауданы, Ю.Гагарин атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы. «Жырым қалсын жанымның ұшқынындай» байқауы бойынша: Саясатова Жазира – Құрманғазы ауданы, Имашев орта мектебінің 11-сынып оқушысы; Бектасқызы Айсәулеш – Индер ауданы, Махамбет атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы; Нұрланұлы Иманғали – Жылыой ауданы, №4 орта мектептің 10-сынып оқушысы. «…Не деген керемет ең!» байқауы бойынша: Мергенқызы Дарина – Мақат ауданы, Абай орта мектебінің 6-сынып оқушысы; Әділ Тұрағұл – Махамбет ауданы, Алмалы орта мектебінің 9-сынып оқушысы; Мадешова Гүлбалым – Атырау қаласы, №16 мектеп-лицейдің10-сынып оқушысы. «Фаризаның шығармашылығын түсінуге ерекше бір талғам керек» байқауы бойынша: Андрейқызы Ханзада – облыстық ұлттық гимназияның 9-сынып оқушысы; Сабитова Фарида – Махамбет ауданы, Чкалов орта мектебінің 10-сынып оқушысы; Қалым Ақбаян – дарынды балаларға арналған мектеп-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы марапатталды.

Бұдан басқа, Фариза оқуы аясында ауданнан келген оқушылар Фариза Оңғарсынованың ескерткіші алдына жиналып, ақын өлеңдерін, арнауларын оқып, гүл шоқтарын қойды. Одан кейін бағдарламаға сай Ғ.Сланов атындағы облыстық әмбебап кітапханада ашылған Фариза кабинетінде бас қосып, кабинет меңгерушісі Ә.Дәулетбаевамен сұхбаттасып, ақын рухымен шабыттанып, қанаттанып тарқасты.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button