Жаңалық

Елдегі киноматография туралы заң жетекші киноөндіруші елдердің тәжірибесі есебінен әзірленді

Елдегі киноматография туралы заң  жетекші киноөндіруші елдердің  тәжірибесі есебінен әзірленді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі  Мәжілістегі  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аспектісіндегі мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат» тақырыбына Үкіметтік сағат барысында айтты.

 

«Министрлік  жеке салалық саң әзірледі, ол «Киноматография туралы» Заңы. Заң жобасы жетекші киноөндіруші елдердің  (Ресей, Франция, Қытай, АҚШ, Корея) тәжірибесі есебінен әзірленді. Үш жыл бойы  ол сарапшылық ортада кеңінен талқыланды», – деді А.Мұхамедиұлы.

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыруда атқарылған жұмыстармен және алдағы жоспарларымен бөлісті.

« Мәдениет және спорт министрлігі Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Қазіргі заманғы Қазақстандық мәдениет жаһандық әлемде», «Мемлекеттік тілдің латын қарпіне көшуі» арнайы жобаларының басты орындаушы органы болып табылады. Бұл жобаны тиімді жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Музейі жанынан «Қасиетті Қазақстан» өлкетануды дамыту орталығы және ең білікті мамандарды біріктірген «Туған жер» Қазақстан өлкетанушылар бірлестігі құрылған», – деп хабарлады А.Мұхамедиұлы.

Мамыр айында жобаның алдына қойған міндеттерін белгілеп алу мақсатында барлық өлкетанушылардың қатысуымен бірінші Республикалық форум өтті.

«Киелі орындарды анықтау және зерттеу мақсатында ғалымдардың қатысуымен Қазақстанның барлық өңірлеріне (6 бағыт – Солтүстік, Батыс, Шығыс, Оңтүстік, Орталық, Оңтүстік-шығыс) экспедициялар ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда жалпыұлттық маңызы бар 100, жергілікті маңызы бар 500 киелі жердің Тізімдері жасалып, жүйеленді. Тізімдерді толықтыру жұмыстары алдағы жылдары да жалғасатын болады», – деді  министр.

Жалпы алғанда, Қазақстанның киелі мұраларына деген қызығушылықтың күрт артқаны байқалды. Өйткені, бүгінде бұл шараларға мемлекеттік органдар емес, ғылыми зерттеу институттар мен жастар да белсенді араласуда, ал ақпарат құралдары осы тақырып бойынша жан-жақты мәліметтер беруде.

«Жұмыстың нәтижесінде «Киелі Қазақстан» энциклопедициясының Басты томы шығарылуда, Оның базасында фундаментальды, ғылыми-негізделген 3 тілде 5-томдық энциклопедияны жарыққа шығару жоспарланған. Сонымен қатар, «Киелі Қазақстан. Теориялық-методологиялық аспекттер» ұжымдық монографиясын шығару көзделген. Киелі орындар мол шоғырланған республикалық «Ұлытау», «Отырар», «Таңбалы» тарихи-мәдени музей-қорықтарының туристік тартымдылығын жақсарту мақсатында олардың Сапар орталықтарын салубойынша жұмыстр жүргізілуде», – деді Мәдениет министрі.

Министр айтқандай,  бұл Сапар орталықтар салу – әлемдік тәжірибеде бар. Мұнда туристерге қажетті барлық инфрақұрылымдар – кафе, сувенир дүкендері, шеберханалар, конференц залдар және т.б. жұмыс жасайды.

«Біздің міндетіміз –коворкинг орталықтары тәрізді ғылыми, білім беру, танымдық, демалыс орталықтарын құру. Сонымен бірге, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Солтүстік және Батыс өңірлерде, Астана қаласында мәдени-туристік кластерді дамыту мақсатында «Бозоқ», «Ботай»және«Сарайшық»музей-қорықтарын құру жөнінде жұмыстар жүргізіп жатыр. Бұл ұйымдарды құру мемлекеттің бюджетіне қосымша салмақ салмайды», – деді министр.

2014 жылдан бастап барлығы 100-ден асамаңызды тарих және мәдениет ескерткіштері қалпына келтіріліп, реставрациялаудан өтті.

«Осы жұмыстардың барлығы«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын жүзеге асырудың базасы болып табылады. Музей-қорықтарды құру ғылыми-зерттеу, консервациялық, археологиялық, ағартушылық бағдарламаларды орындау үшін, туристтерді қызықтыру бойынша бәсекеге қабілеттілікті арттыру мен болашақ ұрпаққа бірегей ескерткіштерді сақтап қалуға мүмкіндік береді», – деп түйіндеді министр.

Қайрат Жандыбаев 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button