Жаңалық

Маңғыстау облысында жас отбасы мектебі ашылды

Маңғыстауда  отбасының бейнесін дәріптеу, балаларды тәрбиелеуде әкелердің рөлін күшейту және отбасы институтын насихаттау  мақсатында «Әкем-асқар тауым» атты облыстық әкелер форумы өтті.

 

«Әр бала өзінің отбасындағы қабылданған өмірлік құндылықтарды, салт-дәстүрлерді, қарым-қатынастарды бойына сіңіреді. Отбасы ол үшін тәрбиелейтінде, қолдайтында, қастерлейтінде ұжым. Бұл жерде ол жаманның не екенін, жақсының не екенін тани бастайды. Балада ауытқыған мінез-құлық пайда болудың бірден-бір себебі кішкентай кезінен бастап әлеуметтену үдерісіне лайықты  жағдай жасалмағанынан болуы мүмкін, немесе, әлеуметтену проце­сінің тоқтап қалуы да себеп болады», – делінген хабарламада.

Мұндай іс-шара облысымызда тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Форумда қоғамда белсенді әрі отбасын ұйытып отырған әкелерді 4 номинация бойынша Алғыс хатпен марапаттады.

Сонымен қатар, бұл жоба аясында жас отбасы мектебі ашылды, онда енді шаңырақ көтергісі келетіндерге ақыл-кеңес беріп, отбасы құндылықтарын түсіндіреді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button