Жаңалық

Атыраулықтар «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын талқылады

Атырау облысында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған «Ұланымыз Ұлы елдің» VI облыстық форумы өз жұмысын қорытындылады.

Форумға Атырау облысының 7 ауданы, Атырау қаласы және облыстық білім беру ұйымдарынан 200-ге жуық жасұландықтар мен тәлімгерлер және аудандық білім бөлімдерінің тәрбие әдіскерлері қатынасты.

Форум бірінші бөлімі – «Ұланымыз Ұлы Елдің» салтанатты лездемесінде Атырау қаласы №11 мектептің бастауыш сыныптарынан 50 оқушы «Жас Қыран», орта буын сыныптарынан 50 оқушы «Жас Ұлан» қатарын толықтырды.

Салтанатты лездеменің екінші бөлімінде «Жас Ұлан» ұйымы қызметінің 7 бағытына сәйкес «Отан» -«Жас патриот», «Руханият» -«Жас дарын», «Жеті жарғы» – «Бала би», «Экоәлем» -«Жас эколог», «Салауат» -«Жас толағай», «Зерде» -«Жас зерттеуші», «Еңбек» – «Жас қанат» 7 негізгі және «Үздік мектеп ұйымы», «Үздік Ұланбасы», «Үздік атқарушы хатшы», «Үздік тәлімгер» (барлығы 10 адам) номинациялары бойынша «МӘҢГІЛІК ЕЛ ҰЛАНДАРЫ» жыл жүлдесі табысталды.

Форумның екінші бөлімінде «Қоғамды әлеуметтік жаңғыртудағы балалар ұйымының маңызы» тақырыбымен пленарлық кеңес өткізілді.

Кеңесте тәуелсіз сарапшы ретінде «Елсана» руханият клубының мүшесі, ардагер ұстаз С.Ж.Сапанов және педагогика ғылымдарының кандидаты, Х.Досмұхамедов атындағы АМУ-нің қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Хайыржанова Бибігүл қатынасып көшбасшылардың «рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында облыс мектептерінде жүзеге асырылып жатырған үздік жобаларына өз бағаларын беріп, осы бағыттағы іс-шараларды ұйымдастыруға, жоспарлауға бағыт-бағдар берді.

«2017 жылы жүзеге асырылған іс-шараларды қорытындылай келе, ұйым көшбасшылары ұйым Ұланбасыларын, өңірдің барша жасұландарын терең білімге, салауатты өмір салтын ұстануға, Отанымыздың бейбітшілік саясатын, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын баянды етуде, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруда белсенді болуға шақырды», – делінген хабарламада.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button