Жаңалық

Камиль Сафинді еске алуға арналған дәстүрлі бесінші турнир жеңімпаздары анықталды

Солтүстік Қазақстан облысында халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем кубогының иегері, КСРО халықтары спартакиадасының чемпионы Камиль Сафинді еске алуға арналған дәстүрлі бесінші турнирдің жеңімпаздары анықталды.

Өз бастамасын 1996 жылы алған Камиль Сафиннің жүлдесіне арналған жастар арасындағы осы бокс турнирі қысқа мерзім ішінде республикалық деге мәртеьеге ие болды, және сол сәттен бастап жыл сайын өз рингіндетек Қазақстанның ғана емес, сонымен қатар Ресей Федерациясының жақын қалаларының былғары қолғап шеберлерін өз ісінің шын шеберін анықтау үшін жинайды.

Биылғы жылы Петропавлда жарыс жүлдесі үшін күресуге Астана. Алматы, қалаларынан, Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарынан 120 астам жас қазақстандық боксшылар жиналды. 16-17 жастағы спортшылар 46 келіден бастап 91 келі салмақ дәрежесіне дейінгі 11 салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Осы дәстүрлі турнирде Солтүстік Қазақстан облысының атынан 20 келешегінен үміт күттірген спортшылар өнер көрсетті.

«Біздің турнир республикалық спорттық күнтізбеге қосылған, оны ертеден біледі және ол өте маңызды. Сондықтан да біздің қатысушылар географиясы өте кең. Бізге жарысқа Ресей боксшыларды бірнеше рет келген болатын. Мен осы турнир біздің «жастар» үшін бастау алғандай, онда облыс құрамасына үздіктерді іріктеп алуға мүмкіндік туады», – деді жарысты ұйымдастырушылардың бірі Анитон Лопатин.

Жарысқа қатысушыларды құттықтай отыра облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналин дәл осы турнирден әр жылдары кейіннен азия және әлемдік бокс додаларында тамаша нәтижелерге қол жеткізген көптеген былғары қолғап шеберлері үшін жол ашқандығына тоқталды.

«Камиль Сафин өзөмірінбоксқаарнады. Спортшы кезінде ол әлем кубогының иегері, Еуропа чемпионатының жүлдегері, КСРО халықтары спартакиадасының жеңімпазы болған. Ал спорттық мансабы аяқталғаннан кейін Камиль Масгутович бүгін бокс жекпе-жектерін өткізіп отырған спорт мектебін басқарды. Ол жас спортшыларға тамаша жол салып берді, оларды дайындады, техникалық тәсілдерін шыңдады, өзіндік спорттық тәжірибесімен бөлісті. Сондықтан да осы турнир, қазақстандық боксшылардың жаңа ұрпағына жаңа жеңістерге жетелеп, бірнеше жыл бойы атақты жерлесіміздің құрметінеөткізілуде», – деді Руслан Есеналин.

Бес жыл бұрын Камиль Масгутович өмірден озды, бірақ оның бастамасы жалғасуда, одан әрі дамып жас боксшыларға жарыстық тәжірибе жинақтауға, техникалық машықтарын шыңдауға, республика деңгейінде әлеуетті қарсыласымен танысуға және өз шеберлігін арттыруға тамаша мүмкіндік беруде.

Жарыс ашылған күні рингке49, 52, 54, 56, 60 және 64 келі салмақ дәрежелерінде былғары қолғап шеберлерінің 22 жұбы шықты. Республикалық турнирдің шаршы алаңындағы бірінші жеңімпазды солтүстікқазақстандық Алмас Құрмет және Алматы облысының өкілі Мадияр Тәжібаев анықтады. Бір сарында өткен жекпе-жек үш раундтан кейін Текелі қаласының боксшысының есебіне аяқталды.

«Ұрыс жақсы өтті, мен нәтижеге ризамын. Осы жарыстарға жқу-жаттығу жиындарында он күн болып, дайындалдым. Қарсыласым жақсы дайындалған, тамаша спортшы болды. Мен оның осал тұстарын таба білдім, оның демалысы нашар еді, біз шыдамдылыққа үйренген болатынбыз, сондықтан мен алға ұмтылдым. Қарсыласым шаршап қалды, мен оған үшінші раундта есеп аштым», – деді бірінші жекпе-жектің жеңімпазы Мадияр Тәжібаев.

Осы жұптан кейін рингке ақтөбелік Ерғали Қалмұратов пен Петропавлдың «Олимп» БЖСМ тәрбиеленушісі Анар Мұстафаев шықты. Қарсыластар бірінші минуттан бастап мүлде басқа бокс көрсетті, жылдамдық аса жоғары, қарымта соғылған жұдырықтар көрермендерді серпілтіп тастады. Бойы ұзындау келген Ерғали өзінен бойы аласа қарсыласына дес берместей болғанмен, екінші раундта алаң қожайыны техникалық нокатпен жеңіске жетті.

«Бірінші кездесу Ақтөбеден келген қарсыласпен өтті, бірінші жекпе-жек үшін жаман нәтиже емес, оны техникалық нокаудпен жеңдік. Бірақ көптеген қателіктерге жол берілді, олармен жұмыс істеу қажет, бұдан арғы жеңістерге ниет қою керек», – деді бапкер Денис Языков.

Қатысушалардың көптігін ескеріп, турнирді ұйымдастырушылар спортшыларға шамадан тыс жүк түсірмеу және төрешілерге алдағы республикалық және халықаралық жарыстарға іріктеу үшін әр боксшыныңмүмкінлігін сапалы бағалау үшін турнирді бес күнге бөлді. Үш күн бойы алдын ала кездесулер болды, 30 қараша күні жартылай ақтық сайыс кездесулері болса Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні төрешілер турнирдің жеңімпаздарын анықтап, бірнеше спорттық ниминациялардың иегерлерін атайалды.

Камиль Сафинді еске түсіруге арналған дәстүрлі турнирдің жеңімпаздары қатарында ДулатАмантаев (ШҚО), Дәулет Сейдалиев (Алматы), Ғалым Мырзатаев (Ақмола облысы), ДаниярЖақсылық (ОҚО), НығметоллаМолдашев (ШҚО), АрманСайлау (ОҚО), Дәулет Ғалиақбар (Жамбыл облысы), Джозеф Окаро (СҚО), Шынарбек Бәтiнұлы (Алматы), АрнұрАхметжанов (Жамбыл облысы) и Ілияс Мусаев (Алматыоблысы). Медальдық есепте бірінші орында Шығыс Қазақстан облысы, оның спортшылары турнирді екі алтын, үш күміс медалін жеңіп алды. Екінші орында Жамбыл облысының құрамасы, оның қоржынында екі алтын, екі күміс, екі қола медаль,Үшінші орында Оңтүстік Қазақстан облысының командасы, ол екі алтын, екі күміс, бір қола медальға ие болды. Солтүстік Қазақстан облысының құрамасы медальдық есепте бесінші орынға тұрақтады.

Үздік боксшыларды медальдармен, кубоктарымен және Камиль Сафиннің туыстарынан арнайы жүлделермен марапатталды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button