Жаңалық

«Қарагөз» қойылымы Берлинде қойылды

Еуропаның Германия еліндегі «Ұлы дала театрының» гастрольдік туры сәтті өтуде, деп хабарлады ruh.kz тілшісі.

Атап өтер болсақ, бұл Германия, Франция, Австрия, Белгия және Ресейдің үздік музыкалық сахналарында замануи қазақстандық мәдениетті ұсынатын Мәдениет және спорт министрлігінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы жаңа жобасы.

Сонымен, Берлинде «Ұлы Дала Театрының» гастрольдік туры «Рашен Хаус» (RussischesHaus) театрының бас сахнасында Мұхтар Әуезовтің мәңгілік классикалық туындысының жаңа, инновациялық нұсқасымен ашылды. Республикалық академиялық неміс драма театрының орындауындағы «Қарагөз» қойылымы халықаралық аренадағы қазақстандық мәдениетті танытуда өз үлесін қосады. Спектакль БҰҰ алты тілінің бірі – неміс тілінде қойылмақ.

«Мұхтар Әуезовтің пьесасы бойынша «Қарагөз» спектаклін қоя отырып, Неміс театры еуропалық көрерменге Қазақстанда драматургияның бар екендігін көрсету міндетін жақсы түсінеді» – деп атап өтті театр директоры Наталья Дубс.

Әлем мәдениетінің алтын қорына енген Мұхтар Әуезовтің классикалық туындысы  тұпнұсқа мәтіннің көркемдігін, тереңдігін сақтап, неміс тілінде жаңадан сипатпен ашылды.

Махаббат пен күйреу, өз парызы мен қоғам алдындағы парыз, сезім арасындағы тартыс, дәстүр мен ішкі құштарлықтың қақтығысы – Мұхтар Әуезовтің өшпес «Қарагөз» сюжеті танымал қазақстандық режиссер Наталья Дубстың қойылымында ерекше сипатқа ие болды.

Би театрының элементтері аралас «Қарагөз» қойылым толғауы – бұл поэтикалық сөз бен хореографиялық қимылдың синтезі. Қазақ сөзінің көркемдік қуаты, қасиеті заманауи бидің әсем де, тартым қимыл ырғақтарымен, оралымдарымен көркем жеткізіледі. Хорегорафиясын танымал берлиндік хореограф Флориан Бильбао қойды. Спектакль музыкасын Германияның композиторы Iayrope жазды.

«Біз әлемге «Рухани жаңғыру» бағдарламасында көрсетілгендей Қазақстанның заманауи мәдениетін көрсетуіміз қажет. Біздің «Қарагөз» қойылымымыз – заманауи жоба. Би театрының элементтері бар спектакль-толғаныс – бұл поэтикалық сөз бен хорегографияның бірегей үйлесімі болып табылады. Қазақ тілінің байлығын, бейнелілігін, қара сөзінің тартымдылығын біз заманауи би – пластика, іс-қимыл мен қозғалыс арқылы жеткізуге тырыстық»,  –  дейді Наталья Дубс.

Жаңа сипаттағы «Қарагөзді» классика сүйер қауым да, авангард өнерінің табынушылары да жоғары бағалады. Көрермендер ұзақ уақыт бойы әртістерді қол шапалақтап, өз қошеметін көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, Республикалық академиялық неміс драма театры 1980 жылы Теміртау қаласында құрылған. 1989 жылы Алматы қаласына ауысады. 90-жылдары бар қиындықтарды жеңіп, дәстүр мен заманаулықты, классика мен жаңашылдықты үйлесімді байланыстырып, Қазақстан мен Германия мәдениеттері арасындағы алтын көпірге айналады. Неміс театры Қазақстан мен шетелдерде нағыз заманауи, эксперименталды театр ретінде танылуда. Неміс театры Қазақстанды мекен еткен халықтардың салт-дәстүрлерінің элементтерін шығармашылықтарына сіңіре отырып, кең көрерменге түсінінікті және жақын спектакльдер қоюда. Театр Ұлыбритания, Германия және басқа да алыс жақын шетелдерден режиссерлерді ортақ шығармашылық жұмыстарға тарта отырып, өзінің халықаралық байланыстарын нығайтады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button