Жаңалық

Петропавлда Рухани жаңғыру жобалық кеңсесі ашылды

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық білім бөлімінің жанынан «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі «әл-Фараби» мектеп-лицейінде ашылды, деп хабарлады аймақ әкімдігі.

Жобалық кеңсенің ашылу салтанатына Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Е. С.Глотов, облыстық «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы А.Д.Ибраева, Петропавл қалалық білім бөлімінің басшысы А.А. Сұрағанова және қала мектептерінің директорлары қатысты.

«Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған жобаларды іске асыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараларды жүзеге асырудың бірі ретінде «Рухани жаңғырудың»: «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Рухани қазына,«Ақпарат толқыны» атты әр жобалық бағытқа, соның ішінде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Латын әліпбиіне көшу туралы», «100 жаңа есім» тақырыптарында «әл-Фараби» мектеп-лицейінің оқушылары таныстырылым жасады. Жобалық кеңсенің ашылу салтанатын «әл-Фараби» мектеп-лицейінің директоры К.Қ.Смаилова бастап жүргізіп отырды. Ашылу салтанатында алғашқы сөзді Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Е. С.Глотов сөз алып бастап, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсенің ашылуындағы мақсат пен қолжетімді нәтиже туралы баяндап берді», – делінген хабарламада.

Петропавл қала мектептерінің ұжымдары «Тәрбие және білім» базалық жобасы бойынша өз таныстырылымдарымен және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарымен таныстырып өтті. Соңынан «Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі» атты концерттік бағдарлама тамашаланды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button