Жаңалық

Астанада ҚХА Қоғамдық келісім кеңестерінің республикалық форумы өтті

« «Рухани жаңғыру»  бағдарламасын жүзеге асыру  жүйесінде Кеңестердің  рөлі мен маңызы зор», – деді Д.Мыңбай.

ҚХА төрағасының орынбасары айтып өткендей, Қазақстанда 2978 Қоғамдық келісім кеңесі  жұмыс істейді, оның ішінде 14- облыстық, 2 – Астана және Алматы,  48- қалалық,112-аудандық, 2573 – ауылдық деңгейде, ал, кәсіпкерліктерде  169 кеңес жұмыс істеп жатыр.

«Қоғамдық келісім кеңестерінің  қарқыны  барлық әкімшілік-өңірлік деңгейлерде – облыс, қала, аудан, ауылдық округтер мен жеке кәсіпкерліктерде артуда.  Бұл Үшінші  жаңғырудың  маңызды факторына айналуға себеп болып отыр», – деді Д.Мыңбай.

Оның айтуынша, қоғамдық келісім кеңестері институтын дамыту өңірлерде біркелкі жүзеге асырылмау мәселесі әлі де бар.  Әрекеттегі қоғамдық келісімдердің  21 пайызы Алматы облысында,  9,5 пайызы – ШҚО, 8,9 пайызы – Қостанай облысында жұмыс істеуде. Ең төмен дәрежеде  Астанада 0,1 пайыз және Алматы 1,7 пайыз, сондай-ақ, Маңғыстауда 1,3 пайызды құрап отыр.

«Сараптама көрсеткендей, кеңестердің  проблемаларды шешу бойынша  белсенді жұмысы  әлеуметтік қысымды азайтып, тұрақтылықты нығайтады.  2017 жылдың  9 айында  Кеңестер 16 500 шара өткізген, оған  1 млн 230 мың адам қатысты. Халықтың мәселесін шешу – 6019-ды құрады.  Меморгандар мен азаматтық қоғамға 1635 ұсыныс берілді, оның  1381-і жүзеге асырылды», – деді Д.Мыңбай.

Қорытындысында ол кеңестер жұмысындағы басты талап  азаматтардың мәселелері болып отыр. Сондықтан да, биыл  2016 жылмен салыстырғанда  кейбір облыстар бойынша  төмен нәтиже тіркелді.

«Нақты көрсеткіштерге көшетін боламыз.  «Қоғамдық келісім» РМБ-ға  халық мәселесін шешу бойынша үш позициялы паспорт дайындауды тапсырамын:  Проблемалық мәселе,  Қабылданған шаралар, Қол жеткізген нәтиже. Бұл паспорттар өңірлерге таратылып, бірыңғай кесте  ретінде Ассамблея хатшылығына  жіберіледі», – деді Д.Мыңбай.

Айта кетейік,  форум барысында жалпы мемлекеттік міндеттерді және халықтың өзекті мәселелерін шешуге қоғамдық Кеңес мүшелерінің белсенді қатысуын қамтамасыз ету, қоғамдық бақылау тетігі ретінде Кеңестердің рөлін күшейту, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуында Кеңестердің қатысуының тиімділігі секілді өзекті мәселелер талқыланып, қалалық, ауылдық деңгейлердегі және кәсіпорындардағы Кеңестердің жұмыс тәжірибесі қаралды.

Қайрат Жандыбаев

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button