Жаңалық

Асық ату ойыны ЮНЕСКО-ның мәдени емес мұралар тізіміне енді

ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұраны қорғау Үкіметтік емес комитетінің 12-ші сессиясы аясында «Қазақстың ұлттық ойыны – Асық ату» ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұрасы ретінде танылып, тізімге кірді.

Сессия аясында Қазақстанның арнайы көрме бұрышы көрсетіліп, асық ойыны баршаға паш етілді. Осы шара барысында, сессияға келген елдердің мүшелері асыққа ұқсас ойынның өздерінің де елдерінде бар екендіктерін айтып жатты. Осының негізінде,  асық физикалық дайындықты дамытып қана қоймай, елдер арасындағы достықты нығайтатынын байқауға болады. Халықаралық сарапшылардың айтуынша, өскелең ұрпақ аталған спортты сақтау мен дамытуда басты роль атқарады.

Айта кетейік, номинацияға дайындықты ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы, Материалдық емес мұраны қорғау жөніндегі Ұлттық Комитеттің сарапшылары және ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен ҚР ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі жүргізді.

«Қазақстан материалдық емес ұлттық мұраны қорғау жөніндегі конвенцияны ратификациялағаннан бері  (2011жыл, желтоқсан) ЮНЕСКОның материалдық емес мұралар репрезентативтік тізіміне ҚР қатысуымен 7 номинация ұсынылды: «Домбырада күй орындау» (2014ж.), «Қазақ күресі» (2016ж.), Қырғызстанмен бірлесе «Киіз үйді құру» номинациясы (2014ж.) және «Айтыс/Айтыш өнері» (2015ж.), сонымен қатар, «Наурыз» бойынша өтінім берген 12 мемлекеттің қатарына кірдік, «Бүркітпен аң аулау» (18 мемлекет), «Жұқа түрік наны» (5 мемлекет).  Соңғы үшеуі тізімге 2016 жылы енді», – деп хабарлады комитет.

Қазақстандық өтінімнің ЮНЕСКОның халықаралық тізіміне енуі Қазақстанның материалдық емес мұраларының халықаралық дәрежеде танылуына және ұлттық деңгейде оны қорғаудың жүйелі шараларының жасалуына ықпал етеді.

Жуық арада Қазақстан ЮНЕСКОның Материалдық емес мұралардың репрезентативтік  тізіміне «Қазақ атбегілерінің көктемгі дәстүрлері» және Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркиямен бірлескен «Қоркыт-Ата мұрасы» өтінімін қарастырады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button