Жаңалық

ОҚО-да қара сөзден өлең өрген жастар додаға түсті (ФОТО)

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданындағы  «Мақтарал» мәдениет үйінде жастар арасында «Тәуелсіздік – таусылмас жыр-дастаным» атты жас ақындар айтысының ақтық кезеңі өтті.

Бір айдан аса уақытқа созылған жас ақындар айтысында қатысушылар алдымен Жетісай, Асықата, Атакент, Мырзакент өңірлері бойынша 14 пен 29 жас аралығындағы жастар іріктелді. Іріктеуге 30-ға жуық өнерлі жастар қатысты. Осылайша әр өңірде айтысу шеберлігіне қарай ақтық кезеңге жолдама алды.

«Қазылар алқасы айтыскердің импровизациялық өнерінің деңгейі, өлеңдерінің ұйқасуы, ойының дәлдігі, шынайылығы, көркемдік тілінің бейнелілігі, домбыра тарта білуі, халықтық әуенде жұртты баурай алуы, ақынның тапқырлығы, қарсыласын сыйлай біліп, өзара айтыса білу шеберлігі, жырларында ел-жер тарихын, тәуелсіздік құдіретін, ел алдындағы, жер алдындағы отаншылдық парызды жыр тілімен жеткізе білуіне қарай бағалады. Іріктеуде әр өңірдің үздігін анықтап, айтысу шеберлігіне қарай бағалады», – делінген хабарламада.

Сонымен, айтыстың қорынды нәтижесі бойынша бас жүлдені Балғын Апбасқан жеңіп алды. Ал, бірінші орынды Мақсұт Нариман иеленсе, екінші және үшінші орынды сәйкесінде Ералы Пердебай мен Ұлдана Қаблан алды.

Қатысушылардың барлығына арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар берілді.

«Айтыстың мақсаты аудан жастары арасында талантты жас айтыскер ақындарды жұртшылыққа таныту қазақ халқының айтыс өнерінің құдіретін таныту, сусаған жұртшылық көңілін жырмен сусындату, жастар арасында отаншылдықты, тәуелсіздікті, ел бірлігін дәріптеу болып табылады», – дейді ұйымдастырушылар.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button