Жаңалық

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңға енгізілген өзгерістер Елбасы Жарлығын негіз еткен

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қабылданбақ. Заң жобасының идеологиялық негізін Елбасы Жарлығымен бекітілген «Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы» құрды.Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын мәлім етті.

 

«Президентіміз Н.Ә.Назарбаев «Рухани жаңғыру» мақаласында атап өткендей зайырлы дәстүрлер – Қазақстанның ертеден келе жатқан мұрасы. Оның негізінде төзімділік, бейбітсүйгіштік, діни көзқарасына қарамастан барлығының құқығын құрметтеу жатыр. Осы негізде біз еліміздің тарихы мен ерекшеліктеріне сәйкес дінге деген өзіндік ұстаным жасаудамыз. Осы мақсатта мемлекет пен діннің өзара іс-қимылының  қазақстандық моделі қалыптасуда. Оның негізінде нақты ұстаным жатыр – ол діннің саясиланбауы»,-дейді спикер.

Аталған Заң жобасы діни бірлестіктер мен басқа да қоғамдық ұйымдардың, сарапшылар мен бұқаралық ақпарат құралдары, шетелдік дипломатиялық корпус пен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, БҰҰ өкілдерінің қатысуымен өткен көптеген отырыстарда кеңінен талқыланған. Еліміздегі дінтанушы, саясаттанушы және заңгер мамандардың да талқысынан өткен.

Вице-министрдің айтуынша жоба бойынша, барлығы 12 заң актісіне 53 түзетулер қарастырылған.

Есбол Социалхан

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button