Жаңалық

Атырауда ұлы дала тұлғалары кездесті

Атырауда Елбасы ұсынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясындағы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасында жеңіске жеткен атыраулық тұлғалардың елге, қоғамға сіңірген еңбегін көрсету, көпшілікке таныстыру мақсатында «Ұлы дала тұлғалары» атты кездесу кеші өтті.

Аталмыш кештің басты қонақтары «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасында жеңіске жеткен атыраулық тұлғалар Ерлан Күмісқалиев пен Әсемгүл Оразалина.

Олар бүгінде жасап жүрген еңбектерінің мақсатымен, ойлаған арманыңа жету жолындағы сырларымен, Астана қаласында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының аясында өткен кездесулерден алған әсерлерімен бөлісіп мектеп оқушылары қойған сауалдарға жауап берді.

Кездесу кеші мектеп оқушыларының орындауындағы ән шашумен әсем билерге ұласты.

Шара соңында кеш қонағы Ерлан Күмісқалиев кездесудің маңыздылығын айтып армандарға жету жолындағы ойымен бөлісті.

«Біздер осы шараға қатысқанымызға қуаныштымыз. Осындай шаралардың маңызы өте терең деп ойлаймыз. Адамдардың жеңіске жетуі, шыңдарға шығуы адамның өз қолында. Осыған жетуге азда болсын үлес қосқымыз келеді.Бүгінгі кездесуге қатысып отырған оқушылар да өзінің жолдарын таба білсе,оларға бағыт, бағдар беретін үлкен адамдар табылса барлығыда қолдарынан келеді деп сенемін.»,-деді Ерлан Күмісқалиев.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button