Жаңалық

ОҚО-да киелі жерлер қайта қалпына келтірілуде (ФОТО)

Оңтүстік Қазақстан облысында  киелі орындарды қайта қалпына келтірумен «Қазқайтажаңғырту» РМК айналысуда, деп хабарлады аймақ әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Елімізде бұл іс-шара алғаш рет қолға алынып отыр.  Сондай-ақ, ғылыми – сараптамалық кеңестің шешімімен жалпыұлттық маңызы бар қасиетті республика бойынша 100 нысан және жергілікті маңызы бар 500 нысан тізімі анықталды. Оған еліміздің табиғи ландшафт нысандары, археологиялық және архитектуралық ескерткіштер, ерекше ардақ тұтатын діни нысандар, тарихи тұлғалардың және саяси оқиғалармен байланысты киелі орындар енген.

Жалпы, Оңтүстік қазақстан облысы бойынша 38 киелі орын республикалық маңызы бар (макро), 66 киелі орын жергілікті деңгейдегі (микро) сакралды обьекті ретінде танылып отыр.

Бүгінде «Қазқайтажаңғырту» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Қ.А. Яссаиу кесенесі, Күлтөбе қалашығы, Арыстан баб кесенесі, Отырар және Сарайшық қалашықтары, Айша бибі кесенесі мен Бабажы Хатун мазарын қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, бүгінде елге беймәлім киелі орындар әлі де болса табылады. Осы ретте, «Рухани жаңғыру» Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жобалық кеңсесі тізімге енбей қалған, мемлекеттік маңызы бар нысандарға байланысты ұсыныстарды қабылдайды. Аталмыш мәселеге қатысты ұсыныстарды жобалық кеңсенің oko-shtab@mail.ru почтасына жолдауға немесе 8(7252) 30-07-88 телефонына хабарласуға болады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button