Жаңалық

Алатау ауданында «Рухани жаңғыру» аясында 100-ге жуық шара өткізілді

Алматы қаласының Алатау ауданында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау, түсіндіру бойынша 100-ге жуық іс-шара өтті. Оларға 6000 адам қатысты.

Биылғы жылы «Туған жер» бағдарламасы аясында аудан әкімдігі тарапынан жолданған 3 жоба бекітілген болатын. Олар: дат сәулетшісі Ян Гейлдің тұжырымдамасына сәйкес, «Саялы», «Алғабас» және «Ақбұлақ» ықшамаудандарында 3 жаяу жүргіншілер аймағының салынуы. Аталған аймақтарға 6 балалар ойындары алаңдары, мүмкіншіліктері шектеулі балаларға арналған 2 ойын алаңдары, 2 футбол және 2 баскетболға арналған алаңдар. Бүгінгі күні бұл жобалар толық жүзеге асырылды.

Сондай-ақ, «Алгабас» ықшамауданында мемлекеттік-жеке серіктестік бағдарламасы аясында көлемі 7700 шаршы метрді құрайтын 500 орындық жеңілатлетикалық стадион және аудан бойынша 5 спорт және ойын алаңдары ашылды.

Сонымен қатар, жеке инвестиция есебінен «Рахат-Мәдениет» ықшамауданында 100 орынға арналған балабақшаның құрылысы басталды, «Алатау сити» тұрғын үй кешенінде 350 орындық балабақша салынуда.

Басқа материалдар

Back to top button