Жаңалық

Мажар елшісі Андраш Барани «Рухани жаңғыру» бағдарламасы туралы пікірімен бөлісті

Мажар елшісі Андраш Барани «Рухани жаңғыру» бағдарламасы туралы пікірімен бөлісті

Мажар елшісі Андраш Барани  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы   туралы  пікірімен бөлісті, деп жазады https://strategy2050.kz/news/50439/“>strategy2050.kz.

«Рухани жаңғыру» мақаласын мен және өзге де әріптестерім өте маңызды деп есептейді. Бір досымның сөзі бар еді, «тарих – ол өткенің емес, ол сенің табаның астында жатыр, ол сенің істеп жатқан ісің, тарихты біз жасаймыз» деген тұғын. Менің ойымша, рухани құндылық пен тарихи сана кез-келген елдің мемлекеттік тұғыры деп есептеймін. Тіл мен мәдениет – ұлттың қоғамдық құрылысындағы екі анықтаушы фактор. Біздің елде бұндай бағдарлама болған жоқ, бірақ елімізде әрқашан да мажар тарихына, мажар мәдениетіне жоғары деңгейде көңіл бөлінеді. Кез-келген үлкен жобалар осы негізде жүзеге асады. Сондықтан да, мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ең соңғы әрпіне дейін жүзеге асуын шын ниетіммен тілеймін»,-деді Андраш Барани журналист сұрағына жауап беріп.

Сондай-ақ, Андраш Барани екі ел арасындағы тарихи туыстық қатынастарға тоқталып, осы салада селбесе зерттеу жасап жатқан ғалымдардың еңбектерін жоғары бағалайтынын атап өтті. Ол 20 тамызда ЭКСПО аясында Мажарстанның Ұлттық күні аталынып өткенін, Көрменің өту барысында венгерлік павильонға 300 мыңға жуық адам келгенін айтты. Әсіресе  Астана-Будапешт тікелей әуе бағытының ашылуына ерекше тоқталып, өз қуанышын жеткізді.

Бұдан сырт, сауда-экономикалық қарым-қатынастар да екпінді дамуда дейді елші. 2016 жылғы статисика бойынша Мажарстан тауарайналымы – 16 пайызға өсіп, 1888 млн долларды құраған Қазақстанның жалғыз сауда әріптесі болған.

Есбол Социалхан

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button