Жаңалық

ОҚО-да Сүгір атындағы дәстүрлі орындаушылар байқауының жеңімпаздары анықталды (ФОТО)

Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру, Оңтүстік Қазақстан облысының 85 жылдығы, ҚР Мемлекеттік Рәміздерінің 25 жылдығы, «Түркістан 2017 жыл – Түркі әлемінің мәдени астанасы», дәулескер күйші Сүгір Әліұлының 135 жылдығына орай Сүгір атындағы дәстүрлі орындаушылардың (баян, қобыз, домбыра, шертер) байқауы өтті.

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен қолға алынған өнер додасының мақсаты – көне дәуірден бастау алатын Сүгір Әліұлының фольклорлық өнерін көздің қарашығындай сақтап, дәріптеп, ұлттық мұрамызды келер ұрпаққа жеткізу, жастар бойындағы шығармашылыққа деген талпынысты арттырып олардың дамуына қолдау көрсету, аспапта орындаушыларды, күй өнерін кең ауқымда өрбуіне ат салысу болып табылады.

Осы орайда, ұйымдастарылған байқау екі кезең бойынша өтіп, бірінші кезеңде домбыра, қобыз, баян және шертер орындаушылар Сүгір Әліұлының шығармаларынан бір күй, екінші кезеңде «Оңтүстіктің 100 күйі» жинағынан бір күйден орындады.

Байқауға облыстың аудан, қалаларынан 14-25 жас аралығындағы 71 өнерпаз қатысты.

Үміткерлердің өнерін Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның Құрметті профессоры, домбырашы, қазылар алқасының төрағасы Губайдуллин Өтеген Губайдуллаұлы бастаған мəдениет жəне өнер майталмандары сарапқа салды.

Дəстүрлі орындаушылар арасындағы өнер додасы əуесқой жəне кəсіби деңгейге бөліп қарастырылды.

Осы орайда, КƏСІБИ ДОМБЫРА ОРЫНДАУШЫЛАР арасында бас жүлдеге Мақтарал ауданынан Абдухаликов Құрманғазы ие болса, бірінші орын шымкенттік Маккамбаева Аруға, екінші орын Созақ ауданынан Асқарова Назерке жəне Шымкент қаласынан Бақберді Қадубекке, үшінші орын Отырар ауданынан Ермұратов Мұхамеджан мен Шымкенттен Сембиев Дулатқа жəне Түркістан қаласынан Мұсаханұлы Нұрзаманға берілді.

Ықылас атындағы жүлдемен Қазығұрт ауданынан Əміре Əбдірашид, Төлеген Момбеков атындағы жүлдемен шымкенттік Серікбай Дархан, Құрманғазы атындағы жүлдемен шымкенттік Жарқынбек Ұлданай, Тəттімбет атындағы жүлдемен Шымкент қаласынан Оңғар Дəулет, Дəулеткерей атындағы жүлдемен Шымкенттен Керімбекұлы Мирас, Генерал Асқаров атындағы жүлдемен Төлеби ауданынан Мадуан Сұлтан, Облыстық мəдениет басқармасының арнайы жүлдесімен Кентау қаласынан Файзулла Əбдірахман, Сүгір Əліұлы атындағы жүлдемен шымкенттік Қанаев Елнұр марапатталды.

ƏУЕСҚОЙ ДОМБЫРА ОРЫНДАУШЫЛАР арасында бірінші орынға Əріпбай Досберген, екінші орынға Созақ ауданынан Бегімбек Есбол жəне Бəйдібек ауданынан Донбай Нұрғиса, үшінші орынға Түркістан қаласынан Дəріқожа Талғат жəне Шымкент қаласынан Базарбаев Жантөре лайық деп танылды.

ҚОБЫЗДА ОРЫНДАУШЫЛАР АРАСЫНДА бас жүлде Шымкент қаласынан Мырзабай Анарбекке, бірінші орын шымкенттік Рахметбек Данаға, екінші орын Шымкент қаласынан Рахымжан Нұрлыханға жəне Созақ ауданынан Нұржанбаева Алимаға, үшінші орын Шымкент қаласының қатысушылары Сайлаубаева Дана жəне Романова Назеркеге, Созақ ауданынан Қазбек Арайлымға табысталды. Сондай-ақ, Мұсабек Жарқынбек атындағы арнайы жүлдемен Бəйдібек ауданынан Орынбасарова Ақбота, Қиятай Ахметова атындағы жүлдемен шымкенттік Сапарбек Қанат, Аппаз Қаламбаев атындағы жүлдемен Түркістан қаласынан Кəрібай Индира, Қорқыт ата атындағы жүлдемен Шымкент қаласынан Əбдіманап Бəйдібек, Сүгір Əліұлы атындағы жүлдемен Шардара қаласынан Сарсекенова Жумагуль марапатталды.

БАЯН АСПАБЫН ОРЫНДАУШЫЛАР арасында бас жүлдеге Шымкент қаласынан Мақұлбеков Медет, бірінші орынға Кентау қаласынан Жұмаханов Арыстан, екінші орынға Кентау қаласынан Əріпбеков Нұрислам жəне шымкенттік Əскербеков Сұлтан, үшінші орынға Төлеби ауданынан Могисеев Данил, Шымкент қаласынан Нəдір Ерасыл жəне Əділов Рахат лайықты деп шешілді.

Ал, Нартай атындағы жүлдемен Шымкент қаласынан Алиходжаев Шадияр, Болат Сарыбаев атындағы жүлдемен Кентау қаласынан Сейфулмəлік Ернар, Сүгір Əліұлы атындағы жүлдемен Шымкент қаласынан Тұрғанбай Бекзат, Облыстық мəдениет басқармасының арнайы жүлдесімен Арыс қаласынан Құрманбек Бейбіт марапатталды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button