Жаңалық

ШҚО-да демеушілердің көмегімен балабақша ашылды

ШҚО-ның Глубокое ауданында тағы бір мектепке дейінгі мекеме өзінің кішкентай тәрбиеленушілеріне есігін айқара ашты.

Бұл Прогресс ауылы үшін үлкен шаралардың бірі екенін атап өту керек, себебі, ауыл балаларының ұзақ уақыт бойы балабақшаға баруға мүмкіндіктері болған жоқ.

Бұл «Глубочанка» шаруа қожалығының басшысы, кәсіпкер Алексей Дельдің демеушілік көмегінің арқасында жүзеге асырылды.

Аудан әкімі Қалихан Багонусов ауыл тұрғындарын мектепке дейінгі мекеменің ашылуымен құттықтап, балабақшалардың құрылысы аймақтың дамуы мен тұрғындардың өмірінің жақсаруына үлкен септігін тигізетінін атап өтті.

«Ремстройсервис-1994» ЖШС басшысы Герасименко Павелге жөндеу жұмыстарының уақытылы аяқталып, балаларға қолайлы жағдай жасалғаны үшін, ал Алексей Дельге – мектепке дейінгі білім беру саласына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.

Енді 2 жастан 5 жасқа дейінгі аралықтағы бүлдіршіндер толыққанды дамып, өздерінің қабілеттерін кең әрі ыңғайлы бөлмелерде дамыта алады. Бұл жерде барлығы да ұсақ-түйектерге дейін қарастырылған: әдемі ойыншықтар, сапалы оқу құралдары, ыңғайлы жиһаз бен спорттық құралдар, келешекте ойын құралдарымен толықтырылатын серуендеуге арналған үлкен алаң.

Бүгінгі таңда аралас тілде оқытатын екі топ жинақталған, келешекте олардың саны арта түспек. Сонымен қатар, жаңа мекемеде 10 адам жұмыспен қамтылып отыр.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button