Жаңалық

Ұлт тарихы туралы толғаныс

Отарлық езгі заманында қазақты тұқырту, қорлап, бағындыру мақсатында ел тарихының шындығы бұрмаланды, көп тақырыптар мүлдем жабық болды. Еуроцентристік ойлау жүйесі қазаққа барша білім, мәдениет пен өнер белгілері орыстар мен Батыс халықтарынан келді деген қағиданы мойындатуға тырысты.

Тәуелсіздіктің арқасында бүгінде қазақ халқы өзінің терең тарихын, рухани құндылықтары мен мұраларын қалпына келтіруде. Себебі отарлық езгі заманында қазақты тұқырту, қорлап, бағындыру мақсатында ел тарихының шындығы бұрмаланды, көп тақырыптар мүлдем жабық болды. Еуроцентристік ойлау жүйесі қазаққа барша білім, мәдениет пен өнер белгілері орыстар мен Батыс халықтарынан келді деген қағиданы мойындатуға тырысты.

Алайда, тарихи шындық мүл­дем басқаша болатын. Елбасы өз мақаласында осы олқылық­тың орнын толтыруды тарихшы­лар қауымына тапсырды. Халықты тарихи шындық­пен тәрбиелеу, ұлт тарихын миф­тен­дірмей, ақты – ақ, қараны – қара деп бағалау ар­қылы ғана халықтың тарихи коды жаңғырады, мәдени-сая­си санасы қалыптасады. Қазақ хал­қы­ның ұлттық топтасуының, бірегейленуінің нығаю процесі де оның тарихи санасының жаң­ғы­руы­на тәуелді.

Халықтың руха­­­­ни­­лығының күшеюі түптің түбін­­де мемлекеттің ұлттық қауіп­­­­­сіз­д­ігінің нығаюына, халық­­­­тың әлеу­меттік белсен­ді­ліг­і­нің ар­туы­на және экономи­ка­лық ре­­фор­­малардың баян­ды жүруіне оң ықпалын тигі­зе­тіні дау­с­ыз. Сондықтан Ел­басы «Ұлы даланың жеті қыры» ат­т­ы жаңа мақаласында көтер­­ген мәселеленің, айтыл­ған идея­­­лардың бүкіл Қазақ­стан қоға­мы үшін маңызы зор. Мақа­­ла­да көрсетілген міндет­терді шешу ел тарихшылары­нан, әде­биет­шілерінен, өнертану­шы­лары мен киногерлерінен жаңа ізденістерді, маңдайтерді талап етеді. Олар Ұлы даланың орны мен рөлі туралы тарихи шын­дықты әлемдік тарихта, мәдени-ақпараттық кеңістікте қалпы­на келтіруге міндетті.

Ұлы дала­ның халқы туралы тари­хи шын­дық­тың қалыптасуы әлем­дік тарихи ойдың дамуына өзгерістер мен жаңалықтар әкелетіні ақиқат. Бүгінгі қазақ халқының баба­лары ықылым замандардан бер­мен қарай осы ұлан-байтақ жер­ді мекен етті. Қаншама жау­лап алушы мемлекеттер билік­терін жүр­гізб­ек болды. Олармен азат­тық жолындағы күрестер бір сәт те толастаған жоқ.

Про­тоқазақ­тар­дың мемлекеттілігі ұрпақ­тан ұр­паққа жалғасты. Алға­шын­да көне тайпалық одақтар сақ, скиф, массагет, ғұн, сармат, үй­сін, қаңлы тай­па­лық одақ­­­тары негізінде Кангю (Қаңлы) мем­­ле­кет­тік бір­лес­­тігі пай­­да бол­ды. Бұл мемлекет жар­тылай оты­­рық­­шы ел еді. Осы­мен қатар Құ­шан патшалығы, Ғұн им­­­­пе­­рия­сы сияқты қуатты мем­­­ле­­кет­­тер құ­рылды. Б.з.д. V-III ға­­­­сыр­­­­лар­да және б.з. V-III ға­­сыр­­­ла­­рын­­­да қазақ халқының не­гі­зін қалаған тайпалық одақтар өз мем­­лекеттерін құрып ешкімге дес бермеді.

Ал VI ғасырда олар қуат­­ты Түрік қағанаты құрамына еніп жарты әлемді бағындырды. Орта ғасырларда қазіргі Қазақ­стан жерінде көптеген мемлекет­тер болып, XIII ғасырда қазақ жері Ұлы Моңғол империя­сы­ның құ­ра­мы­на енді. XV-XVIII ғасыр­лар ара­сында жеке Қазақ хан­дығы өмір сүрді. Бүгінгі қазақ ұлтының этно­­ге­­не­тика­лық тегі­нің, тілінің, салт-дәс­түр­лері­нің, діні мен төл мәде­­ниетінің қалып­тасу үдерісі іске асты.

Қазіргі бар қазақ ұлтының не­гіз­гі құндылықтары мен ұста­ным­дары Қазақ хандығы деп атал­­ған мемлекеттің болуының нәти­­жесі екендігі бұлтартпас шын­­­дық. Демек қазақ халқының таби­­ғи даму процесі сан ғасыр­лар бойы үзілмей, өзге ұлттар­мен қатар­ласа дамып отырды. Оның түрлі мемлекеттік құры­лым­­дары болды. Болған мем­ле­­кет­тер көрші елдермен тең дәрежеде қарым-қатынастар орнатты. Әлем халықтарына өзінің материалдық және мәдени үлгілерімен ықпалын тигізді. Өкі­нішке қарай, осындай эволю­циялық үдеріс Ресейдің отарлық езгісіне түсумен тоқтап қалды. Қазақ халқы әлемдік өркениет­тер дамуының соңында қалып қойды.

Отарлық қанау қазақты демографиялық, рухани, мәдени дағдарысқа түсірді, жерінен және дәстүрлі өмір сүру мәдениетінен айырды. Қазақ тарихы империя тарихының көлеңкесінде қалды. Қазақ ұлты екінші сортты, барлық жақсылықтарды отарлаушылардан үйренген жабайы халық болған деген пікір қоғамдық санада басымдыққа ие болды. Қазақ халқының өз тарихын, рухани құндылықтарын зерттеуде және ұлықтауда кенжелеп қалды.

Елбасының «Болашаққа бағ­­дар: рухани жаңғыру» атты 2017 жылы сәуір айында жарық көр­ген мақаласынан бас­­­­тал­ған Қазақ­стан қоғамын ру­ха­ни жаң­ғырту үдерісі сана­ны, тарих­­ты, мәде­ниет­ті, білім мен өнер салаларын отар­с­ыздандыру процесіне жол ашты деп айтуымызға болады. Қазақ тарихын отарсыздандыру ісін Елбасының «Егемен Қазақ­станда» жариялаған «Ұлы дала­ның жеті қыры» атты жаңа мақа­ласы тереңдете түседі.

Мақалада қазақ халқы өзі жүріп өткен та­ри­­хи жолда әлемдік өрке­ниет­ке қо­мақты үлес қосып кел­ген­дігі нақты мысалдар­мен дәлелденеді. Біздің бабаларымыздың әлем халықтарына ұсынған үлкен жетістіктерінің бірі жылқыны қолға үйрету, оның ер-тұрманын жасау болғандығын бүгінгі этнология ғылымы дәлелдеп отыр. Бұл құбылыс шамамен 6,5 мың жыл бұрын іске асырылған. Атта отыру мәдениеті жетіліп, бабаларымыз үзеңгіні пайдаланған. Осы жаңалық оларға атқа мініп алыс сапарларға шығуға, жылқыны соғыс­тарда жылдам қозғалыс құ­ра­лы ретінде пайдалануға мүм­­­кіндік берген.

Жаугершілік заман­­дарда соғыс өнерін жетіл­діру­де протоқазақтар қайқы қы­лыш­ты да жасап пайдаланған. Өміл­­дірік пен құйысқанның жа­салуы жылқы мінген адамды нағыз мығым, қылышты, садақты, най­заны, шоқпарды еркін ұстап, соғы­са алатын жеңімпаз жауын­герге айналдырды. Басқа халық­тар біздің бабалардың осындай жаңалықтарын түрлі өзгерістер енгізіп, жетілдіріп сан ғасыр пайдаланды. Президент Ұлы даланың бір қы­рының ғана әлемдік өрке­ниетке берген үлесінің қанша­лықты пайдалы және маңызды болғандығын айтып отыр. Ұлы дала жай дала емес, оны мекен еткен қазақ халқы жай халық емес, ол ешкімнен артық та, кем де емес деген қағидаттық ойды Елбасы жан-жақты негіздейді.

Тіптен қазіргі металлургияның басталуы ежелгі түркі халықтарының жаңашылдығына байланысты екен. Осының барлығы сөз­бен емес, қолымызға ұстаған архео­ло­гиялық артефактілер арқылы дәлелденіп отыр. Ұлы дала­мыз­дың үшінші қыры «аң стилі». Көне түркілер табиғат, қоршаған орта әлемімен тамаша үндестікте өмір сүре білген. Олардың жо­ғары деңгейдегі экологиялық мә­дениеті қалыптасқан. Әлемдік экологиялық сананың отаны түркі халықтары деп айтсақ та мақтанып кетпейміз.

Төртінші қыры­мыз – «Алтын адам». 1969 жылы Есік қорғанынан алтындалған киім киген жас патшаның табылуы әлем ғалым­дарына сенсация болды. Содан бері Шығыс Қазақстандағы Шілік­тіден, Тарбағатайдан, Орта­лық Қазақ­стандағы Қарқа­ра­лыдан, Батыстағы Атырау­дан осын­дай таңғажайып алтын­дал­ған киім­дер­мен патшалар қорымдары ашы­лды. Демек ғасырлар бо­йында, мың­жылдықтардың алмасуы кезеңінде қазіргі Қазақстан жерін­де басқа көне халықтардың даму деңгейі жетпеген мемлекеттер болғаны шындық.

«Алтын адаммен» бірге қойылған зат­тардың, құрбандық ретінде жер­­лен­ген жылқылардың ер-тұр­­ман­­дарының безендірілуі, табыт­­тарда салынған суреттер мен бей­не­лердің терең ма­ғы­налылығы бүгінгі зерттеушілер­ді таң­дандыруда. Осы археоло­гиялық жаңалықтар өркениет тек Батыстан басталады деген тезистің жаңсақтығын нақты дәлелдейді. Дұрысы, өрке­ниет­­тердің ықпалдасуы тезисі бол­са керек. Біз Батысқа көп нәр­се бердік, үйреттік, соңғы ға­сыр­­ларда Батыстан көп нәр­сені алып, үйреніп жатырмыз.

«Түр­кі – әлемнің бесігі» деп Елба­­сы Ұлы даланың алтыншы қыры туралы осы ойды айтып отыр. Қазақ жерінің геосаяси, геоэко­но­ми­калық орнын Пре­зи­дент Ұлы далаға «Жібек жолы­ның» ық­пал етуімен сипат­тай­ды. Өрке­ниет­тер мен ірі мемлекет­тер­дің мүдделерінің қиы­лысында тұру түркі халық­тарына, одан кейінгі қазақ халқына аса зор жауап­кер­шілікпен қатар, түр­лі қай­шылықтар мен қиыншы­лық­тар әкелді. Бүгін өткен тарихтан сабақ алып ел дамуындағы осы ерекшеліктердің барлығын пайдамызға асыруымыз керек.

Ұлы даланың жетінші қырын «Қазақстан алма мен қызғал­дақтың отаны» деп көрсетіпті Елбасы. Қазақ елінің табиғат әлеуеті үлкен. Бүгінгі ұрпақ соны іске жарата алса әлемдік на­рық­қа ұсы­нарымыз көбейеді, ел хал­қының өмір сүрген ортасы не­ғұрлым қолай­лы бола түседі. Елбасы Ұлы даланың жеті қырын жарқыратудың нақты жолдарын көрсетіп, ғалымдар қауымына тапсырмалар бере­ді. Бұл жұмыстар ел халқының тари­хи санасын жаңғыртуға, қо­ғам­ның рухани жаңғыруының терең­деуіне, тәрбиенің, білімнің, мәдениеттің жақсаруына игі ықпал ететіндігіне сенім зор.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button