Жаңалық

Латын әліпбиі қазақ тілінің жаңа белесі

Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті қызметкерлерінің Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының латын графикалық жүйеге көшу туралы 6-бағытын түсіндіру жұмысы бойынша облыстық ақпараттық топ мүшелерімен кездесуінде дәл осындай пікірлер айтылды.

Кездесуге «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі Ж.Сұлтан, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ғалымы Н.Сәдуақас, Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының өкілі Б.Әбиева, БАҚ өкілдері қатысты.

Атап өтер болсақ, шараның мақсаты латын графикасына көшудің маңызы мен міндеттері, қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындату жолдары, әрбір қазақстандықтың бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы тілдік құзіреттілікті дамыту мәселелері туралы пікірлесу.

Облыстық ақпараттық топтың спикері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Н.Ә.Сәдуақас 2018 жылдың 10 қаңтарында жарияланған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауындағы рухани жаңғырудың мән-маңызына кеңінен тоқталды.

«Елбасының кезекті халыққа арнаған Жолдауы алдағы мақсаттарымызды айқын көрсетуімен ерекшеленеді. Біздің еліміз неғұрлым дамыған елдер қатарына қарай батыл ұмтылуда. Елбасы Жолдауын іске асыратын біздер екенін ұмытпай, ел болып жұмыла кіріссек, Тәуелсіз Қазақстан биік  шыңдардан көрінетініне кәміл сенемін» – деді ол.

Өз кезегінде, облыстық тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Б.Әбиева латын әліпбиі жаһандану үдерісінде өркениетке жол ашатынын баса айтты.

«Қазақ тілі жазуының  латын әліпбиіне көшуі біріншіден, заман талабы, екіншіден, латын әліпбиі жаһандану үдерісінде өркениетке жол ашады. Біз қай заманда отырмыз? Қазақстанның үшінші жаңғыру кезеңі. Бүкіл әлемде индустрия тілі – латынша екенін естен шығармайық. Ең басты мәселе – ұлттық бірлікті сақтау, ұлттық сананы жаңғырту» .

Бұдан басқа, шара барысында арнайы шақырылған қонақтардың баяндамаларынан кейін полиция қызметкерлері көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, мамандармен пікірлесті.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button