Жаңалық

Оралда БҚО тоғызқұмалақ федерациясының кубогы сарапқа салынды

Жарысқа БҚАТУ мен Орал қаласынан жəне аудандардан келген 10 команда қатысты.

Федерациядан хабарлағандай, бүгінде “Рухани жаңғыру” аясында облыста ұлттық ойындарды дамытуға көңіл бөлінуде.

Тартымды да қызықты өткен ойында Орал қаласының командасы кубокты 58 ұпаймен ұтып алды. Сонымен, 170 тоғызқұмалақшы қатысқан жарыстағы жекелей сында ересектерден оралдық Жарасхан Сағынбаев пен Аида Карина, жастардан Дархан Əнуарбеков пен Ділназ Ерниязова, жасөспірімдерден Нұршат Жеңісқали мен Самира Оразмұханбет ешкімге дес бермеді. Жалпыкомандалық есепте Бөрлі 56,5 ұпаймен және Жаңақала  ауданының ойыншылары 53,5 ұпаймен  алдыңғы қатардан көрінді.

«Тоғызқұмалақ – тапқырлықты, шапшаң ойлауды, есепке жүйрік болуды талап ететін ойын. Рухани жаңғыру аясында ұлттық ойындарымызды насихаттап, оған балалардың қызығушылығын оятуға əр отбасы атсалысса, құба-құп», – деді облыстық тоғызқұмалақ федерациясының атқарушы директоры Дəулет Əбдікəрімов.

Жеңімпаз-жүлдегерлерге облыстық спорт басқармасы мен федерация атынан кубок, медаль, дипломдар берілді. Демеушілер көмегімен қаржылай жəне бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button