Жаңалық

Петропавлда Мүтәллап Қанғожиннің 80 жасқа толуына орай шығармашылық кеші өтті

С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында өткен «Жырымен жүректерді тербеген» атты әдеби-сазды кеш Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Солтүстік Қазақстан облысы мен Есіл ауданының құрметті азаматы, белгілі ақын, қоғам қайраткері Мүтәллап Қанғожиннің 80 жасқа толуына арналды.

Театрдың фойесінде ақынның барлық шығармашылығын қамтитын кітап көрмесі ұйымдастырылып, камералық оркестрдің сазды әуені аталмыш шараға салтанатты әр берді.

Мәдениет ошағына Мүтәллап Мұхамадиұлының туған-туысқандары, достары, әріптестері мен шығармашылығын құрметтейтін оқырмандар жиналды.

Облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет той иесін өңір басшысының атынан құттықтады. Ол өңірдің мәдени орталықтарында Мүтәллап Қанғожиннің шығармашылығына арналған көрмелер ұйымдастырылып, әдеби кештер өткізіліп жатқандығын атап айтты.

«Сіз ұзақ жыл теледидарда еңбек етіп, журналистика саласында өзіңізді кәсіби маман ретінде таныттыңыз, сөйтіп біздің өңіріміздің дамуына сүбелі үлес қостыңыз. Сізді жұрт Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, облыстың құрметті азаматы, қаламы қарымды ақын ретінде таниды»,- деді Мадияр Қожахмет.

Өз өмірінде Мүтәллап Қанғожин жүздеген жыр мен поэма жазып, 15 кітап шығарды. Сөйтіп өңіріміздің журналистикасы мен әдебиетінің дамуына қомақты үлес қосты.

Оның шығармаларын қалың оқырман сүйіп оқиды және жоғары бағалайды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button