Жаңалық

Солтүстік Қазақстанда киелі жерлер туралы үздік бейнеролик байқауы жарияланды

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары өңірдің киелі жерлері туралы бейнебайқауға қатыса алады.

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінен хабарлағандай,  байқау Солтүстік Қазақстан облысының киелі жерлерін таныту мақсатында жарияланды.

«Киелі Қызылжар» бейнеконкурсы халықтың санасында еліміздің киелі жерлерінің және рухани дәстүрлерінің жалпыұлттық өзгешілігін нығайтады.

«Конкурсқа Солтүстік Қазақстан облысының кез келген тұрғыны немесе қонағы қатыса алады. Бейнероликтер 2018 жылғы 01 ақпаннан 20 ақпанға дейін қабылданады», – деп толықтырды облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасынан.

Сонымен, байқаудың жеңімпаздары арнайы грамоталармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады:

1 орын – 50 мың теңге,

2 орын – 40 мың теңге,

3 орын – 30 мың теңге,

«Көрермендер көзайымы» жүлдесі – 20 мың теңге.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button