Жаңалық

Әулиекөл гимназиясының оқушылары тұған өлкесінің тарихын мектеп музейінде оқуда

Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы С.Баймағамбетов атындағы мектеп-гимназиясының түлектері білім ошағының қабырғасында өлкетану музейін ашу туралы бастама көтерді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының идеяларын іске асыра отырып, педагогикалық ұжым мектептің 120 жылдығына орай, «Мектеп тарихы мұражайы» инновациялық жобасын әзірледі, ол жоба С. Баймағамбетов атындағы мектеп-гимназиясының түлектерінен қолдау тапты. Аталған жоба патриотизмді, өзіңнің мектебіңе және туған жеріңе деген мақтаныш пен адалдықты тәрбиелеуге бағытталған. Жобаның жалпы сомасы 5 миллион теңгені құрады. Әр жылы мектеп бітірген түлектердің демеушілік көмектерінің арқасында көптеген тарихи материалдар мен экспонаттар, мектеп пен ауыл тарихына байланысты белгілі тұлғалардың библиографиялық деректері жинақталды.

Мектеп тарихы – ол, оған қатысты адамдар. Сол себепті, жергілікті өлкетану мұражайы қызметінің жетекші бағыттарының бірі – мұғалімдер, мектеп-гимназия түлектері, еңбекке, кіші Отанның дамуына үлес қосқан адамдар туралы материалдарды жинақтау және әзірлеу. Осындай қызметтің табыстылығы бағалаумен емес, жанымызда жүрген адамдардың жүректерінде қандай әсер қалдыратындығымен өлшенеді. Мұражайға келушілердің білдірген алғашқы ризашылықтары мектепте пайда болған шығармашылық ізденіс атмосферасы туралы болды.

«Мектеп тарихы мұражайы» – ұзақ мерзімді жоба болып табылады, ол уақытша шеңбермен шектелмейді. Жоба бойынша жұмыс жалғасуда, оған оқушылар, мұғалімдер, кәсіпкерлер, инженерлер, құрылысшылар және тағы да басқалар атсалысуда. Жоба жөніндегі жұмыс барысында оның қатысушылары тұлғалар туралы естеліктер жазуды, өңдеуді, мұражайға келушілерді ақпараттандыруды үйренді. Өз зерттеулері үшін мұражай белсенділері әр түрлі тақырыптарды таңдайды, бірақ бұл жұмыста ең бастысы өзіңнің мектебіңе, ауданыңа ғана емес, барлық ұлы адамдарға да, тарихта болған оқиғаларға да, шағын Отанға да, туған елге де тән сезімді қалыптастыру болып табылады. Мектеп оқушыларына мұғалімдер дайындаған Естелік және Даңқ бағыты бойынша басқа адамдарды мұражайға алып келуге мүмкіндік жасалды.

«Мектеп тарихы мұражайы» – мектеп өмірінің басталуы туралы есте сақтау көзі болып табылады. «Дереккөз» сөзі ең басты сөз, сондықтан да оны әрбір мектеп сабағының тақырыбына қосуға болады. Мектеп мұражайы жастардың туған жер тарихына қызығушылығын арттырады және аудандағы өлкетанудың одан әрі дамуына негіз болады» – деді Әулиекөл ауданының әкімі Жансұлтан Таукенов ашылу салтанатында.

С.Баймағамбетов атындағы мектеп-гимназиясындағы өлкетану мұражайының ашылу дәстүрін №28 Құшмұрын орта мектебінің түлектері де қолдауға шешім қабылдады. Яғни, 2018 жылы тағы бір ауыл мектебінде естеліктер көзі пайда болады. Жергілікті өлкетану мұражайында жерлестер мен мектеп бітірушілердің қызықты тағдырларымен танысу, Әулиекөл ауданы мен өз мектебінің дәстүрлерін жандандыру, жаңа буын оқушыларының кіші Отан тарихымен байланыста болуы, азаматтық ұстанымды қалыптастыру жалғасатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласының аясында ұсынылған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы кіші Отан тарихын зерттеу бойынша кең ауқымды өлкетану жұмысын қамтамасыз етеді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button