Жаңалық

Атырауда Ахмет Байтұрсыновтың қазақ руханиятына қосқан үлесі ұлықталды

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінде қазақтың ақыны, әдебиет зерттеушісі, ғалым А.Байтұрсыновтың 145 жылдығына арналған «Ахмет Байтұрсынов-қазақ руханиятының көсемі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты әдебиет зерттеушісі А.Байтұрсыновтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметін, рухани мұрасын кең көлемде дәріптеу.

Сонымен, Ахмет Байтұрсынов біріншіден, қазақ тілінің әліппесі мен оқулықтарының авторы, соңынан із салған жаңашыл ағартушы. Екіншіден, араб графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторы.Үшіншіден, қазақ тілі мен әдебиетін, мәдениетін зерттеуші тұңғыш филолог, тарихшы ғалым. Төртіншіден, ол қазақ халқына адал қызмет еткен ірі қоғам қайраткері.

Ахмет Байтұрсынов – қыры мен сыры мейлінше мол адам. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын А.Байтұрсыновтың «Әліп-биімен» ашып, ана тілін «Тіл құралы» арқылы оқып үйренген. А.Байтұрсыновтың жас қазақ ғылымына еткен қызметі тіл білімі саласында емес, әдебиеттану саласында да айтарлықтай болды.

Айтулы шараға Атырау облысының белгілі зерттеуші өлкетанушылары, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің және колледж оқытушылары мен студенттері, тарих, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері және музей мамандары қатынасты. Сонымен қатар, олардың Ахмет Байтұрсынов турасындағы ғылыми ізденістері таныстырылды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button