Жаңалық

Павлодарлық жетім балалардың тәлімгерлері пайда болады

Павлодар облысының білім беру басқармасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Атабек дәстүрі»  жобасын іске қосады.

 

«Баланың табысты дамуына үлкендер жағынан көп көңіл мен қолдау қажет екендігі барлығымызға мәлім. Әрине, отбасында оны қажетті мөлшерде туыстары мен жақындарынан алады. Ал балалар үйінде мүлдем басқа жағдай. Тәрбиешілердің әр тәрбиеленушінің өміріне қосқан зор үлесіне қарамастан, балалар алдында тұрған барлық даму міндеттерін орындауда тек тырысқаны жеткіліксіз. Сондықтан да тәлімгерлік тәжірибе тек өзінің ғана емес, сонымен бірге баланың қоршауындағы басқа адамның – тәлімгердің күшіне сүйене отырып, өзінің әрекетін тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тәрбиешілердің жұмысындағы қосымша ресурс болуына бағытталған», – деп атап өтті «Рухани жаңғыру» Павлодар облыстық жобалық кеңсесінде.

Сонымен, Павлодар облысының білім беру басқармасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Атабек дәстүрі» (Тәлімгерлік) жобасын іске қосады.

«Атабек» жобасы жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсетуге, өзіндік өмір әлеуетінің ашылуына, үлкендер-тәлімгерлермен арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынас арқылы жеке өмірде әрекет пен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Жобаны іске асыру барысында балалар үйінің әр тәрбиеленушісінде дербес дос және тәлімгер пайда болатыны жоспарлануда.

Осыған байланысты, балалар үйі тәрбиеленушілерінің тағдырына бейжай қарамайтын барлық адамдарды «Атабек» жобасына қосылуға шақырамыз.

Жобаның мақсаттары бойынша толық ақпарат берілетін брэйнстром форматындағы ақпараттық кездесу Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылында (Кенжекөл а., ИЖС шағын ауд., құрылыс 1/1) 2018 жылғы 16 ақпанда сағат 16.00-де өтеді.

Ақпараттық кездесуге қатысуға тілеі білдірушілер жобаға қатысу үшін өтініштерді (ерікті түрде толтырылады) pavlodar@nastavniki.kz электронды поштасына жіберу қажет немесе 8(7182)329920, 324105 телефондар арқылы білім беру басқармасына хабарласуға болады. Өтінімдер 2018 жылғы 15 ақпанға дейін қабылданады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button