Жаңалық

Павлодар облысының әкімі өңірдегі киелі жерлерге күтім жасауды тапсырды

Павлодар облысында Мемлекет басшысының қатысуымен өткен кеңейтілген үкімет отырысынан кейін облыстық әкімдікте арнайы жиын өткізіліп, Елбасының отырыста берген тапсырмалары талқыланды.

Келелі кеңесте аймақ басшысы Болат Бақауов Елбасы кей өңірлердегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы формальдылық пен жүйесіздікке де қатты шүйліккенін қадам айтты.  Сондықтан, облыс әкімі өз қарамағындағы мемлекеттік қызметшілерге осы бағытта нақты жұмыс жүргізуді тапсырды.

«Өңірде өтіп жатқан түрлі шаралардың бәрін «Рухани жаңғыру» аясында өткізбеу керек. Бұл бағдарлама бірігей жобалармен ерекшеленуі керек. Мәселен, біздің өңірімізде өткен жылы сакралды орындар картасына кірген нысандарға күтім жасалуы керек. Осы жұмыспен айналысыңыздар. Ішкі саясат басқармасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын кеңінен насихаттауы керек. Бір реттік шаралар өткізбей, нақты жұмыс істеу керек», – деп атап өтті әкім.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button